Қазақстанда ЖРВИ: 1 млн 278 мың адам ауырған
© Фото: Zakon.kz
Биыл елімізде ЖРВИ ерте басталды. Қыркүйектен бастап 1 млн 278 мыңнан астам жағдай тіркелді, науқастардың 66%-ы 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлады ҚР ДСМ.
№3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы директорының орынбасары Роза Өтегенова:
Бүгінгі күні 453 төсек орын дайындалған, 421-і науқастармен толған. Науқастар саны көбейген жағдайда қосымша керуеттер қойылады.
"А" типіндегі тұмаудың 304 жағдайы зертханалық жолмен расталған. Мамандар былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда науқастар саны 19%-ға төмендеді дейді. Эпидмаусым қарсаңында стационарларда 7738 инфекциялық төсек орын дайындалған, деп жазады qazaqstan.tv.
"Қосымша 922 төсек орны дайын тұр, резервте 1409 орын бар. Егер аурушаңдық өссе, науқастарды жатқызуға жеткілікті төсек орын қарастырылған. Қазіргі таңда БҚО, Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстарында төсек орындардың 89-90%-ы толы." Сархат Бейсенова, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы
Эпидемиологтар қазіргі жағдай күзгі-қысқы кезеңге тән екенін айтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:46, 18 шілде 2026
Диана Ержанова триатлоннан Еуропа кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды
-
17:15, 18 шілде 2026
Астанада полицейлер жоғалған 6 жасар баланы жедел тауып, ата-анасымен қауыштырды
-
16:55, 18 шілде 2026
Алдағы үш күннің ауа райы: қай өңірде аптап, қайда жаңбыр жауады
-
16:01, 18 шілде 2026
Алматының орталығында +40 градус аптапта электр жарығы өшіп қалды
-
15:40, 18 шілде 2026
Алматыда алты күнде 81 мас жүргізуші ұсталды





