Қазақстанда жетім балалардың құқықтарын қорғау кеңейтіледі
© Фото: pexels
Сенат депутаттары 2025 жылғы 23 қаңтарда палатаның жалпы отырысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғауды жетілдіретін нормалар енгізілетін заңды мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұндай норма "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға енгізілген. Құжат мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, оның мәртебесін нығайту, бала құқықтарын қорғау және білім беру саласындағы ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.
"Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы" ҚР Заңына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға "тәлімгерлік жөніндегі ұйым" ұғымы енгізіледі.
"Тәлімгерлікке үміткерлер арнайы ұйымда тәлімгерлік бойынша міндетті даярлықтан өтетіні, оларға заңгерлік және психологиялық көмек көрсетілетіні анықталды", – деп атап өтті депутат Алтынбек Нұхұлы.
Оқу ағарту вице-министрі Наталья Жұмаділдаева "ведомство әзірлейтін ережелерге сәйкес осы қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген коммерциялық емес ұйымдардан тізілім қалыптастырылатын болады" деп атап өтті.
"Бізде тәлімгерлікті жүзеге асыруға ниет білдірген адамдарға қойылатын талаптар нақты әзірленді. Біз халықаралық тәжірибені зерттедік, бұл институт балаларды әлеуметтік бейімдеу, ілгерілету және тәлімгердің немесе ұйымның қаражаты есебінен оқытуға мүмкіндік беру тұрғысынан қайырымдылық ретінде өте маңызды", – деп түсіндірді ол.
Бұған дейін Олжас Бектеновтің сарапшылармен экономиканы одан әрі дамыту мәселелерін талқылағандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 23 қаңтар 2025
Бейбіт Жұқаев қазақстандық дербиде жеңіске жетіп, Португалиядағы турнирдің 1/4 финалына шықты
-
22:24, 23 қаңтар 2025
Батыс Қазақстан облысында екі оқушы қыз жүкті болып қалды
-
22:04, 23 қаңтар 2025
Ақтөбеде танысын өлтіріп, оның денесін тоңазытқышта сақтаған күдіктілерге қатысты сот басталды
-
21:53, 23 қаңтар 2025
Көкшетауда дәрігерлерге күш көрсеткен ер адам қамалып, ал әйелі айыппұл арқалады
-
21:45, 23 қаңтар 2025
Саранда дүкен сатушысын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды