Қазақстанда жасанды интеллектті зерттейтін университет ашылады
© Фото: pexels
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 1 шілдеде өткен Үкімет отырысында Қазақстанның зерттеу бағытындағы жасанды интеллект университеті іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысы цифрлық трансформация мен жасанды интеллектті Қазақстанды дамытудың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындаған.
"Соңғы алты айда біз Қазақстанның цифрлық болашағына қажетті реттеуші және институционалдық негізді жедел қалыптастырдық. Қазақстан азаматтары жаңа Конституцияны қабылдады. Онда азаматтардың цифрлық құқықтары, оның ішінде дербес деректерді қорғау құқығы бекітілді. Конституциялық деңгейде Alatau City қаласының ерекше мәртебесі айқындалды. Сонымен қатар Цифрлық кодекс, "Жасанды интеллект туралы", "Цифрлық активтер туралы", "Киберқауіпсіздік туралы" заңдар, сондай-ақ телекоммуникация нарығы мен деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері жөніндегі заң қабылданды", – деді Жаслан Мәдиев.
Оның айтуынша, елімізде жасанды интеллект саласына мамандар даярлаудың үздіксіз жүйесі қалыптасып келеді.
"Мәселен, 12–18 жас аралығындағы балаларға арналған TUMO креативті технологиялар орталығы жұмыс істейді. Ересектер үшін тәжірибелік AI-мамандарын даярлауға бағытталған Tomorrow School қызмет етеді. Ал келесі кезең – биылғы 1 қыркүйекте Qazaq AI Research University атты Қазақстанның зерттеу бағытындағы жасанды интеллект университетін іске қосу болады", – деді министр.
Сонымен қатар Жаслан Мәдиев байланыс сапасы цифрлық трансформацияның негізгі шарттарының бірі екенін атап өтті.
Оның мәліметінше, 2028 жылға қарай еліміздегі ауылдардың 92 пайызы жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтылады. Сондай-ақ 20 ірі қалада 5G желісі дамытылып жатыр. Ұзындығы 4 мың шақырымнан асатын талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) гипермагистралі салынуда. Бұдан бөлек, республикалық және облыстық маңызы бар 40 мың шақырым жол байланыспен қамтылады, ал спутниктік интернет арқылы ел аумағы толықтай байланыспен қамтамасыз етіледі.
Еске салайық, 2026 жылғы 30 маусымда Қазақстанның Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік ынтымақтастық ұйымының құрылтайшысы атанғаны белгілі болған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:26, 1 шілде 2026
Несиелер бойынша қарызы бар қазақстандықтарға жағымды жаңалық хабарланды
-
13:13, 1 шілде 2026
Жаңа Конституцияның қабылдануымен не өзгереді: Әділет министрі түсіндірді
-
13:09, 1 шілде 2026
Олжас Бектенов инфляцияны төмендету жұмыстарын қатаң бақылауды тапсырды
-
13:00, 1 шілде 2026
Қазақстанда кезекші ХҚКО мен арнайы ХҚКО мекенжайлары өзгерді – тізім
-
12:52, 1 шілде 2026
1 шілдедегі Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары





