Қазақстанда зейнетақы реформасының тағы бір нұсқасы талқылана бастады

16:39, 26 маусым 2026

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2026 жылғы 26 маусымда Үкімет кулуарында зейнетақы жүйесін реформалау бойынша талқыланып жатқан нұсқаларға Сингапурдың зейнетақы моделі қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұған дейін министр маусым айының соңына дейін зейнетақы жүйесін реформалау тәсілдері бойынша нақты ұстанымдар айқындалатынын айтқан болатын.


"Біз әлі де талқылап жатырмыз, өйткені қосымша ұсыныстар пайда болды. Соның бірі – Сингапурдың зейнетақы моделі. Келесі аптада дәл осы модель талқыланады. Сингапур моделі де жинақтауды көздейді, яғни міндетті түрде қаражат жинау қажет. Сонымен қатар тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді. Қазір сарапшылардың ұсыныстарын күтіп отырмыз. Олар түскеннен кейін жұмыс тобының қарауына шығарамыз", – деді Асқарбек Ертаев.

Министрдің айтуынша, реформалардың түпкілікті пакеті талқылау барысында ұсынылған ең тиімді бастамалардың негізінде әзірленеді. Бұл ретте зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту үшін теңгерімді шешім қабылдауға басымдық беріледі.

Сондай-ақ журналистер министрден зейнетақы жүйесін реформалаудың тағы қандай нұсқалары қарастырылып жатқанын сұрады.

Оған жауап ретінде Асқарбек Ертаев қазіргі таңда "4+1" моделі мен сақтандыруға негізделген зейнетақы жүйесі талқыланып жатқанын айтты. Ал 40 жыл еңбек өтілін міндетті талап ретінде енгізу жөніндегі ұсыныс қараудан алынып тасталған.

Еске салайық, 2026 жылғы 18 маусымда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Сенат кулуарында зейнетақы жүйесін реформалаудың екі ұсынылған нұсқасы туралы айтып, олардың қайсысын тиімдірек деп санайтынын түсіндірген еді.

Сондай-ақ министр зейнетақы реформасын жүзеге асыру мерзіміне қатысты сұраққа жауап бере отырып, жыл соңына дейін реформаның нақты моделі айқындалып, қажетті заңнамалық өзгерістер әзірленетінін мәлімдеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!