Қазақстанда заң жүзінде әскери-патриоттық тәрбие бекітілуі ықтимал
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары 2024 жылғы 6 қарашадағы жалпы отырыста әскери-патриоттық тәрбие мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Парламент депутаттары азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің тұтас жүйесін құру және осы жұмысқа барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тарту мақсатында бастамашылық жасады.
"Заң жобасымен "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңын "әскери-патриоттық тәрбие", "әскери-патриоттық тәрбие жүйесі" терминдерінің анықтамасын бекітетін жаңа 14-1-баппен толықтыру ұсынылады. Бұдан басқа, осы нормада барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іс-қимылдарын үйлестіру және келісу мақсатында республикалық деңгейде, сондай – ақ жергілікті атқарушы органдар жанынан әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі үйлестіру кеңестерін құру көзделеді", — делінген жоба қорытындысында.
Әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі үйлестірілген және келісілген жұмысты іс жүзінде жүзеге асыру үшін "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" ҚР Заңында көзделген орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларына тиісті толықтырулар енгізілетіні атап өтілді.
Сондай-ақ әскери-патриоттық тәрбиені қосымша білім берудің бағдарламаларына енгізу көзделеді.
Бұдан басқа, "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" ҚР Заңына мәдениет саласындағы уәкілетті органның жастар ұйымдарымен әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын жүзеге асыру бөлігінде толықтыру енгізіледі.
2024 жылдың 1 қарашасында Қазақстанда әскери кафедралар студенттерді даярлау бағдарламаларын қайта қарайтыны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:20, 5 желтоқсан 2025
Президент: Бизнестің мүддесі мен құқығын қорғау мәселесі – біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндет
-
14:20, 5 желтоқсан 2025
Тоқаев үкіметке жаңа Салық кодексінің кейбір нормаларын мұқият саралауды тапсырды
-
14:18, 5 желтоқсан 2025
Тоқаев Үкіметке шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жедел әзірлеуді тапсырды
-
14:14, 5 желтоқсан 2025
Биыл кәсіпкерлерге 2 трлн теңгеге жуық қолдау көрсетілді - президент
-
14:10, 5 желтоқсан 2025
Президент әлемдегі тікелей шетелдік инвестиция нөпірінің күрт төмендеуінің басты себептерін атады





