Қазақстанда ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың даму жоспарлары мен іс-шаралары бекітілді

© Сурет: Zakon.kz
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 30 сәуірдегі бұйрықпен Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұйрықпен бекітілді:
- Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидалары;
- Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидалары.
Компанияның даму жоспарын әзірлеу және бекіту тәртібі
Компанияның даму жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары ескеріле отырып, он жылдық кезеңге бір рет әзірленеді.
Компанияның даму жоспары оның бес жылдық кезеңге арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу үшін негіз болып табылады және оның стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және акциялары (қатысу үлестері) компанияға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындау құқығын беретін заңды тұлғалардың даму жоспарын (қызметтің стратегиялық бағыттарын) ескере отырып әзірленеді.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын (бұдан әрі – Қор) қоспағанда, компанияның даму жоспарының жобасы Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында, мемлекеттік органдардың даму жоспарларында жазылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігіне тиісті саланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарымен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсетілген бюджеттік параметрлерге сәйкестігіне келісіледі.
Компанияның даму жоспары:
- келесі бөлімдер бойынша ағымдағы жағдай:
ағымдағы жағдайды және сыртқы ортаның жаһандық факторларының әсерін компания жұмыс істейтін және компанияның мақсаттарына қол жеткізуге әсер етуі мүмкін құқықтық, саяси, шаруашылық, демографиялық, технологиялық және басқалардың жиынтығын қамтитын сыртқы ортаны талдау;
компания қызметіндегі күшті және әлсіз жақтарды талдауды қамтитын ішкі ортаны талдау кіші бөлімдерін қамтитын компанияның ағымдағы жай-күйіне талдау бөлімдерінен тұратын құжат болып табылады.
Компанияның ағымдағы жағдайын талдау қазіргі және ықтимал қауіптер мен тәуекелдерді талдауды және компанияның мақсаттарына жету мүмкіндіктерін анықтауды қамтиды;
- миссиясы мен пайымдауы:
Миссиясы мемлекет компания алдына қоятын міндеттерге сәйкес келеді және мемлекет қойған міндеттер, ол орындайтын функциялар, қызмет бағыттары және саланы (экономика секторын) дамыту тұрғысында компанияның негізгі мақсатын қамтуға тиіс.
Пайымдау компанияның болжамды кезеңнің соңына қарай оның орындайтын функциялары тұрғысынан жайғасымын айқындайды;
- қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметтің түйінді көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер көрсетіледі.
Даму жоспары шеңберінде компания қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, қызметінің түйінді көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер көрсетіледі, оның ішінде жылдар бойынша бөліністе көрсетіледі.
Қызметтің стратегиялық бағыттары миссияға сүйене отырып айқындалады және компания тиісті әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге барынша әсер ететін қызмет салаларын білдіреді.
Әрбір стратегиялық бағыт үшін мақсаттар – нәтижесінде компанияның жалпы мақсаттарына қол жеткізуге әкелетін қызметтің нақты, өлшенетін бағдарлары әзірленеді.
Әрбір мақсатты іске асыру шеңберінде міндеттер айқындалады, оларды шешу тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті және жеткілікті шарт болып табылады. Әрбір мақсат бойынша қызметтің 3 (үш) аспайтын түйінді көрсеткіші әзірленеді (жылдар бойынша бөліністе), олар бойынша компания қызметінің мақсаты мен стратегиялық бағытына қол жеткізу бағаланатын болады. Әрбір стратегиялық бағыт үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізілгеннен кейін күтілетін нәтижелер сипатталады.
Қызметтің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, қызметтің түйінді көрсеткіштерін және олар бойынша күтілетін нәтижелерді онжылдық кезеңнің әрбір жылына бөле отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша даму жоспарына жеке қосымша түрінде ресімдеу ұсынылады.
- ықтимал қауіптерді анықтау:
компанияның жұмыс істеуінің тиімділігі мақсатында қызметтің стратегиялық бағыты шеңберінде ықтимал қауіптерді, тәуекелдің сипаттамасын және олардың салдарын көрсететін тәуекелдерді басқару жүйесі, осы тәуекелдің алдын алу және ол басталған жағдайда компанияның оған ден қоюы жөніндегі іс-шараларды әзірлеу көзделеді.
Компанияның даму жоспары даму жоспарына қажетті негіздемелерді, стратегиялық картаны, схемаларды, кестелерді, даму жоспарында көзделген компания қызметінің негізгі көрсеткіштеріне нысаналы мәндер бойынша есептеулерді қамтитын қосымшаларды қамтиды.
Компанияның стратегиялық картасы компания қызметінің түйінді көрсеткіштерімен мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кірмейтін өзге де құжаттардың көрсеткіштерінің декомпозициясын қамтиды және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тәртіп бойынша жасалады.
Тиісті салаға (аяға) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) компанияға жоспарланып отырған он жылдық кезеңнің алдындағы жылдың 1 (бірінші) мамырынан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсер ететін сандық және сапалық көрсеткіштерді жібереді.
Компанияның атқарушы органы жоспарланып отырған он жылдық кезеңнің алдындағы жылдың бірінші маусымынан кешіктірмей, Қорды қоспағанда, даму жоспарының жобасын әзірлеуді жүзеге асырады және оны тиісті саланың уәкілетті органының қарауына және келісуіне енгізеді.
Тиісті саланың уәкілетті органы даму жоспарының жобасын ол келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
Ескертулер болған жағдайда компанияның атқарушы органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде даму жоспарының жобасын пысықтайды және оны тиісті саланың уәкілетті органына келісуге қайта ұсынады.
Тиісті саланың уәкілетті органы пысықталған даму жоспарының жобасын 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тиісті саланың уәкілетті органы даму жоспарының жобасы келісілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға және өзге де салалық мемлекеттік органдарға келісуге енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар және өзге де салалық мемлекеттік органдар (қажет болған жағдайда Ұлттық басқарушы холдинг үшін) даму жоспарының жобасын ол келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
Ескертулер болған жағдайда тиісті саланың уәкілетті органы ескертулерді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде даму жоспарының жобасын пысықтайды және оны мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға және өзге де салалық мемлекеттік органдарға келісуге қайта ұсынады.
Мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар және өзге де салалық мемлекеттік органдар 10 (он) жұмыс күні ішінде даму жоспарының пысықталған жобасын қайта қарайды.
Компанияның атқарушы органы даму жоспарының жобасы Қорды қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен және өзге де салалық мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей оны компанияның директорлар кеңесінің қарауына енгізеді. Қордың атқарушы органы даму жоспарының жобасын әзірлеуді жүзеге асырады және оны директорлар кеңесінің отырысы немесе директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей директорлар кеңесінің қарауына енгізеді.
Компанияның директорлар кеңесі күнтізбелік 20 (жиырма күн) ішінде даму жоспарының жобасын қарайды және мақұлдау туралы немесе компанияның атқарушы органына пысықтау үшін қайтару туралы шешім қабылдайды.
Ескертулер болған жағдайда компанияның атқарушы органы даму жоспарының жобасын компанияның директорлар кеңесі айқындаған, бірақ ескертулерді алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде пысықтайды және оны компанияның директорлар кеңесінің қарауына қайта ұсынады.
Компанияның директорлар кеңесі пысықталған даму жоспарының жобасын қайта енгізген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қарайды.
Қордың атқарушы органы жоспарланып отырған онжылдық кезеңнің алдындағы жылдың 20 (жиырмасыншы) қарашасынан кешіктірмей Қордың директорлар кеңесі мақұлдаған Қордың даму жоспарының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға енгізуді қамтамасыз етеді.
Тиісті саланың уәкілетті органы жоспарланып отырған онжылдық кезеңнің алдындағы жылдың 1 (бірінші) қарашасына дейін Қорды қоспағанда, компанияның директорлар кеңесі мақұлдаған компанияның даму жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жоспарланып отырған онжылдық кезеңнің алдындағы жылдың 1 (бірінші) желтоқсанынан кешіктірмей директорлар кеңесі мақұлдаған Қордың даму жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Компанияның атқарушы органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің компанияның даму жоспарын бекіту туралы қаулысы қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық есепке Қазақстан Республикасы Үкіметінің даму жоспарын бекіту туралы қаулысының сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, Тізілімге енгізу үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға (бұдан әрі – бірыңғай оператор) электрондық есепті жібереді.
Бірыңғай оператор электрондық есепті Тізілімге енгізуді ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде компанияның электрондық мекенжайына электрондық есепті Тізілімге енгізу туралы хабарлама жібере отырып жүзеге асырады.
Бірыңғай оператордың электрондық есепке техникалық ескертулері болған кезде компания ескертулерді жояды және ескертулерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны бірыңғай операторға қайта енгізеді.
Даму жоспарына:
- Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай және ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауымен, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілетін өзгерістермен, сондай-ақ компанияның қызметіне елеулі әсері бар ішкі және сыртқы ортаның өзгеруімен;
- компания қызметінің негізгі бағыттарының өзгеруімен;
- компанияны қайта ұйымдастырумен;
- даму жоспарын іске асыру мониторингінің қорытындыларымен байланысты жағдайларда өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі айқындалады.
Компанияның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
- компанияның атқарушы органы осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдай басталғаннан кейін 1 (бір) айдан кешіктірмей компанияның түзетілген даму жоспарын әзірлеуді және келісуге енгізуді қамтамасыз етеді.
- Тиісті саланың уәкілетті органының, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың және Компанияның директорлар кеңесінің түзетілген даму жоспарының жобасын қарау және келісу тәртібі осы Қағидалардың 9, 10, 11, 12 және 13-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады;
компанияның атқарушы органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің компанияның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысы қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық есепке Қазақстан Республикасы Үкіметінің даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысының сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, Тізілімге енгізу үшін бірыңғай операторға электрондық есепті жібереді.
Компаниялардың кезекті он жылдық кезеңге арналған кезекті даму жоспары ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың алдыңғы даму жоспарын іске асырудың соңғы жылынан кешіктірілмей әзірленеді.
Бұйрық 2025 жылдың 31 мамырынан бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:03, 13 маусым 2025
Flydubai Қазақстан, Ресей және бірқатар елдерге рейстерді уақытша тоқтатты
-
22:40, 13 маусым 2025
Анна Данилина Лондондағы беделді турнирдің финалына шықты
-
22:20, 13 маусым 2025
Тұман, бұршақ және найзағай: Алматыда және 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
22:07, 13 маусым 2025
Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты алты елдің үстінен ұшуға тыйым салды
-
21:52, 13 маусым 2025
Аcтанада автобус аялдамасын сындырған ер адам жазаланды