Қазақстанда тұрғын үй сатып алу-сату мәмілерінің саны қысқарды

14:39, 9 желтоқсан 2022
211

Алматы. 9 желтоқсан. 7kun.kz – 2022 жылғы қарашада тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 33 797 мәміле тіркелді. Бұл өткен аймен салыстырғанда 1,6%-ға аз. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросында хабарлады.

Қарашада жасалған мәмілелердің 8 мыңы жеке үйлер бойынша, 27 797-сі пәтер бойынша.

Олардың басым бөлігі Алматы (7 071) және Астана (5 886) қалаларында жасалды. Тұрғын үйлер саудасы бойынша ең аз операциялар саны Ұлытау облысында тіркелді (394 мәміле).

Қазан айымен салыстырғанда қараша айында мәмілелердің ең көп өсімі Ұлытау (22,4%), Абай (16,9%) және Жетісу (16,7%) облыстарында байқалып отыр. Ал, мәмілелер санының ең жоғары құлдырауы БҚО (-22,8%), Павлодар (-16,1%) және Атырау (-11,6%) облыстарында тіркелді. Осы жылғы қазанмен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй бойынша мәмілелер саны 559-ға азайды (25 797 мәміле).

«Сатылымдағы бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер көш бастап тұр. Қараша айында олардың 10 368-і ресімделді. Мәмілелердің негізгі бөлігі Алматы және Астана қалаларына тиесілі. Ал, 2 бөлмелі пәтер бойынша 9 032 мәміле жасалды», – делінген хабарламада.

Қарашада жер үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Абай облысында  тіркелсе, ең аз саны БҚО-да байқалды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!