Қазақстанда температура көтеріліп, ыстық күндердің қатары көбейіп келеді
© Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары соңғы 50 жылда Қазақстандағы ауа температурасының қалай өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, соңғы онжылдықта елімізде ауа температурасының тұрақты түрде жоғарылау үрдісі байқалады.
"1976-2025 жылдар аралығында Қазақстан аумағындағы орташа жылдық температура әр 10 жыл сайын шамамен 0,4°C-қа жоғарылап отырған", – деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 25 тамызда.
Мамандардың айтуынша, жылыну көктем мезгілінде айқынырақ байқалады – әр он жыл сайын шамамен 0,7°C. Ал температураның ең жылдам өсуі наурыз айында тіркелген – он жылда шамамен 1,1°C.
"Жаз мезгілінде де температура өсіп келеді – орта есеппен әр 10 жыл сайын 0,26°C-қа", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Метеорологтар әсіресе еліміздің батыс және оңтүстік өңірлеріндегі өзгерістер айқын екенін атап өтті.
Мәселен, орташа жылдық температура:
- Батыс Қазақстан облысында – әр 10 жыл сайын шамамен 0,59°C-қа;
- Атырау облысында – 0,54°C-қа;
- Маңғыстау және Қызылорда облыстарында – он жылда шамамен 0,53°C-қа жоғарылап келеді.
"Бұл ретте тек орташа температура ғана көтеріліп жатқан жоқ. Ыстық күндердің саны, аптап ыстық кезеңдерінің ұзақтығы және жылы түндердің саны да артып келеді", – деп хабарлады "Қазгидромет" өкілдері.
Мамандардың пікірінше, қазіргі кездегі маңызды үрдістердің бірі – жалпы жылынумен қатар, температуралық экстремумдардың күшеюі.
Бұған дейін "Қазгидромет" Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райына қатысты қызықты мұрағаттық деректерді ұсынған болатын. Мамандар осыдан 50 жыл, 30 жыл бұрын және 2026 жылы 23 тамызда еліміздің үш ірі мегаполисінде ауа райы қандай болғанын айтып берген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:02, 25 тамыз 2026
ТЖБ болмайды: Қазақстанда оқушыларды бағалаудың жаңа форматы енгізіледі
-
16:59, 25 тамыз 2026
Сыр бойының ұмыт қалған тағамдары: қазақ дастарқаны қандай болған
-
16:56, 25 тамыз 2026
Қазақстанда 2-4-сынып оқушыларына қатысты жаңа талап енгізіледі
-
16:51, 25 тамыз 2026
Жылыту маусымына дайындық: Қазақстанның екі өңірі кестеден қалып келеді
-
16:48, 25 тамыз 2026
Қазақстанда алдағы жылдары инфляция деңгейі қандай болады





