Қазақстанда 124 теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында 124 теміржол нысаны жаңғыртылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлік министрлігінің мәліметінше, жоба вокзалдардың сыртқы келбетін жаңартумен ғана шектелмейді. Нысандарда қауіпсіздік, қолжетімділік пен жолаушылардың жайлылығына басымдық беріледі. Күту залдары мен қызмет көрсету орындары жөнделіп, ақпараттық навигация жүйелері жетілдіріледі. Сондай-ақ қозғалысы шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыру көзделген, деп жазады qazaqstan.tv.
Бағдарламаның алғашқы кезеңіне 117 вокзал, алты жолаушылар платформасы және бір аялдама павильоны енгізілген. Олардың арасында ғасырдан астам тарихы бар нысандар да бар.
Көлік министрлігі Жолаушылар тасымалы басқармасының сарапшысы Балнұр Тұрғанбекованың айтуынша, нысандарды іріктеу кезінде бірнеше маңызды талап ескерілген.
"Бүгінде 66 вокзал, бес жолаушылар платформасы және бір аялдама павильоны жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Бірінші кезеңде нысандарды іріктеу кезінде олардың техникалық жағдайы, жолаушылар ағыны, әлеуметтік маңызы және тарихи құндылығы ескерілді. Олардың қатарында 100 жылдан астам тарихы бар вокзалдар да бар", – деді Балнұр Тұрғанбекова.
Сонымен қатар 2026 жылғы 1 қазаннан бастап Алматы – Ташкент бағытындағы пойыз құрамына әйелдерге арналған вагон қосылады. Осылайша мұндай вагондар қатынайтын бағыттардың саны 14-ке жетеді. Бұған дейін бұл қызмет Қазақстан ішіндегі 13 бағытта ұсынылып келген.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Сара Сахынбектің айтуынша, әйелдер вагоны халықаралық бағытқа алғаш рет енгізілмек.
"Әйелдерге арналған вагондар енді 14 бағытта қатынайды. Оның 13-і – Қазақстан аумағындағы бағыттар. Алматы – Ташкент бағытына бұл қызмет халықаралық бағыт ретінде алғаш рет енгізіліп отыр", – деді ол.
Аталған вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және онда әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді. Сондай-ақ ересек әйел жолаушыларға жеті жасқа дейінгі ұл балаларды бірге алып жүруге рұқсат етіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:22, 2 қыркүйек 2026
Қарағандыдағы ауруханада өрт шығып, 20 науқас эвакуацияланды
-
10:10, 2 қыркүйек 2026
Энрике Иглесиастың концертіне байланысты Астананың кей көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі
-
10:02, 2 қыркүйек 2026
Алматы мен Пусан арасындағы туристік байланыс нығайып келеді
-
09:59, 2 қыркүйек 2026
Күзгі әскерге шақыру – 2026: 23 мыңға жуық қазақстандық қайда қызмет етеді
-
09:51, 2 қыркүйек 2026
«Қазгидромет» Астана мен тағы үш қаланың тұрғындарына ескерту жасады





