Қазақстанда техникалық байқаудан өткізу қағидалары өзгерді
© Фото: pexels
Көлік министрі 2026 жылғы 14 тамыздағы бұйрығымен механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түзетулерге сәйкес мына ұғымдар нақтыланды:
Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесінің операторы (БЦЖ операторы) – көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесін жүргізетін, дамытатын, біріктіретін және сүйемелдейтін акционерлік қоғам;
Цифрлық құжаттар сервисі – "цифрлық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітілген нысаны. Ол мемлекеттік функциялар мен солардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді іске асыру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, қызметтерді электронды түрде алу және көрсету мақсатында электронды құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған.
Бірыңғай цифрлық жүйенің операторы техникалық байқау операторына тиісті шарт негізінде міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесінің қызметтерін ұсынады.
Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесі қызметтерін алу үшін техникалық байқау операторы БЦЖ операторына мына құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
- өтініш;
- жеке басын куәландыратын анық әрі дұрыс мәліметтер;
- техникалық байқау орталығының атауы мен нақты орналасқан жерінің мекенжайы, сондай-ақ техникалық байқау операторының заңды мекенжайы;
- "электрондық үкіметтің" eGov порталы арқылы берілген жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік және (немесе) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтама;
- жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ екені туралы анықтама не жылжымайтын мүлікті жалға алу шартының көшірмесі;
- аумақ пен үй-жайдың "Автомото көлік құралдары. Міндетті техникалық байқау. Бақылау әдістері" атты ҚР СТ 1811-2018 мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат;
- техникалық байқау орталығының әрбір желісіне арналған мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету шартының көшірмесі;
- техникалық байқау операторы қызметін жүзеге асыруға берілген рұқсаттың көшірмесі;
- роликті тежегіш стендінің, люфт өлшегіштің, газ талдағыш пен түтін өлшегіштің, автокөлік фараларының жарығын тексеретін электрондық құрылғының, рульдік басқару және аспа бөлшектеріндегі люфтіні тексеретін құралдың паспорттары мен сертификаттарының көшірмелері;
- техникалық байқау станциясының мобильді немесе стационарлық екені, жеңіл немесе жүк көліктеріне арналғаны не әмбебап екені туралы ақпарат;
- паспортта көрсетілген әрбір жабдықтың сәйкестендіру нөмірлері (ID) туралы ақпарат. Олардың қатарында тежегіш стенді, фара жарығының параметрлерін өлшейтін құрылғы, люфт өлшегіш, түтін өлшегіш, газ талдағыш және IP-камера бар.
Екі немесе одан да көп техникалық байқау орталығы ашылған жағдайда бірыңғай цифрлық жүйе қызметтерін алу туралы өтініш әр орталықтың әрбір желісі бойынша жеке беріледі.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда БЦЖ операторы техникалық байқау операторымен міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесі қызметтерін көрсету туралы шарт жасасады.
Сондай-ақ көлік құралын техникалық байқаудан өткізу кезінде заңбұзушылықтар, оның ішінде жалған техникалық байқау белгілері анықталған жағдайда БЦЖ операторы тиісті қызметтерді көрсетпейтіні белгіленді.
Техникалық байқау операторы:
- міндетті техникалық байқау жұмыстарын жүргізу кезінде белгіленген талаптарды сақтайды;
- техникалық байқау орталықтарының өндірістік үй-жайлары мен аумағының "Автомото көлік құралдары. Міндетті техникалық байқау. Бақылау әдістері" ҚР СТ 1811-2018 мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
- көліктік бақылау органына міндетті техникалық байқаудың құны мен оны өткізу мерзімі туралы мәлімет береді;
- мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы міндетті техникалық байқау нәтижелері жөніндегі толық әрі дұрыс мәліметтерді механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесіне нақты уақыт режимінде жібереді;
- көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктегі деректерге сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттарды (шасси, шанақ) ауыстыру, мемлекеттік нөмірі жоқ немесе тіркеу куәлігінде көрсетілген нөмірге сәйкес келмейтін көлік құралын техникалық байқауға ұсыну, сондай-ақ оның конструкциясына өзгерістер енгізу деректері туралы ішкі істер органдарына дереу жазбаша хабарлайды.
Міндетті техникалық байқауды өткізуге қажетті уақыт көлік құралының түрі мен санатына қарай белгіленеді:
- O-1, L-1-7 санаттары – 15 минут;
- М-1 санаты – 20 минут;
- М-2, М-3, N-1, N-2, N-3, О-2, О-3 және О-4 санаттары – 30 минут.
- БЦЖ операторы міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесінде көлік құралдарының түрі мен санатына қарай техникалық байқау нәтижелері туралы келіп түсетін деректер санын бақылайды.
Сонымен қатар БЦЖ операторы бірыңғай цифрлық жүйені міндетті техникалық байқау кезінде қолданылатын өлшеу құралдарын тексеру туралы берілген сертификаттар жөніндегі мәліметтер қамтылған техникалық реттеудің цифрлық жүйесімен ықпалдастыруды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ стационарлық және мобильді желілерде өткізілген техникалық байқау туралы деректер электрондық карта арқылы бірыңғай цифрлық жүйеге жіберіледі. Бұл техникалық байқаудың нақты өткізілген уақыты мен орнын анықтауға мүмкіндік береді.
Техникалық байқау операторы мобильді және стационарлық желілердің орналасқан жері туралы мәліметтерді жіберу үшін навигациялық жүйе орнатады.
БЦЖ операторы техникалық байқау операторына механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесінің қызметтерін шарт негізінде ұсынады.
Диагностикалық картаны техникалық байқау операторы бірыңғай цифрлық жүйемен ақпарат алмасатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы электрондық нысанда толтырады.
Техникалық байқаудың стационарлық және мобильді желілері міндетті техникалық байқау нәтижелері туралы ақпарат пен мәліметтерді қалыптастыруға, сақтауға және автоматты түрде жіберуге арналған мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықталады.
Ақпарат пен мәліметтерді қалыптастыру, сақтау және автоматты түрде жіберу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар ескеріледі.
Міндетті техникалық байқау нәтижелері бойынша мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы бірыңғай цифрлық жүйеге көлік құралының иесі, көлік құралы, техникалық байқау нәтижелері және берілген диагностикалық карталар туралы ақпарат жіберіледі.
Келесі міндетті техникалық байқаудан өту мерзімі көрсетілген диагностикалық карта жоғалған немесе бүлінген жағдайда көлік иесі оны бұрын берген техникалық байқау операторына телнұсқа беру туралы өтінішпен жүгінеді.
Техникалық байқау операторы міндетті техникалық байқауды қайта өткізбестен, жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаның орнына 15 минут ішінде жаңа карта береді.
Жаңа диагностикалық карта жоғалған немесе бүлінген картаның қолданылу мерзіміне беріледі.
Көлік құралының иесі және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі өзгерген жағдайда БЦЖ операторы міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесіне тиісті өзгерістер енгізеді.
Техникалық байқау операторы оның нәтижелері туралы ақпаратты бірыңғай цифрлық жүйеге мынадай мерзімділікпен жібереді:
- стационарлық техникалық байқау желісі бойынша – күн сайын нақты уақыт режимінде;
- мобильді техникалық байқау желісі бойынша – күнтізбелік екі күнде бір рет.
Сонымен қатар міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесінің жұмыс істеу тәртібі өзгерді.
Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесіндегі мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін БЦЖ операторы салалық қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен бірлесіп, жарты жылда бір рет барлық мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің белгіленген талаптарға сәйкестігіне мониторинг жүргізеді.
Мониторинг барысында мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді белгіленген талаптарда тыйым салынған тәсілмен пайдалануға мүмкіндік беретін бағдарламалық бетбелгілердің, оның ішінде деректерді қолмен енгізу мүмкіндігінің болмауы, сондай-ақ бастапқы кодтың тікелей компиляциялауға және жинақтауға дайындығы тексеріледі.
Мониторинг қорытындысы бойынша БЦЖ операторы мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасайды.
Бірыңғай цифрлық жүйедегі мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында БЦЖ операторының белгіленген талаптарға сай келмейтін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуден, сондай-ақ бақылау-диагностикалық жабдықтан берілетін деректерді бұрмалайтын модульдерден, контроллерлер мен датчиктерден ақпарат қабылдауына жол берілмейді.
БЦЖ операторы міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесінде мынадай функциялардың жұмысын қамтамасыз етеді:
- көлік құралы туралы мәліметтердің заңдылығы расталмаған жағдайда диагностикалық картаны қалыптастырудан және беруден автоматты түрде бас тарту;
- жалған диагностикалық картаның берілгенін автоматты түрде анықтау.
- Көлік құралын техникалық байқаудан өткізу кезінде мынадай талап бұзушылықтар анықталған жағдайда БЦЖ операторы техникалық байқау операторына бірыңғай цифрлық жүйе қызметтерін көрсетпейді:
- механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесіне мәліметтерді ұсынбау;
- техникалық байқау орталығының орналасқан жері өзгерген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бұл туралы хабарламау немесе кешіктіріп хабарлау;
- көлік құралдары иелерінің құжаттарын қабылдауға арналған үй-жайдағы ақпараттық тақтада тиісті өңірдегі міндетті техникалық байқауды өткізу кестесінің болмауы;
- көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес келмейтін диагностикалық картаны толтыру және беру.
Анықталған талап бұзушылықтар жойылғаннан кейін техникалық байқау операторы БЦЖ операторына растайтын материалдарды қоса тіркеп, бұл туралы ақпарат ұсынады.
БЦЖ операторы анықталған талап бұзушылықтардың жойылғанын растағаннан кейін техникалық байқау операторына механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесінің қызметтері қайта көрсетіледі.
БЦЖ операторы техникалық байқау нәтижелері туралы бірыңғай цифрлық жүйеге келіп түсетін деректерге аптасына кемінде екі рет объективті мониторинг жүргізу үшін көлік саласындағы қауымдастықтар мен ұйымдардың, сондай-ақ келісім бойынша құқық қорғау органдарының өкілдерінен жұмыс тобын құрады.
БЦЖ операторы мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің осы нұсқасын бірыңғай цифрлық жүйеге қосу үшін сәйкестендіру кілтін қалыптастырады.
Мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда БЦЖ операторы одан механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесіне деректер жіберу мүмкіндігін бұғаттайды.
Бұдан бөлек, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларына және техникалық байқау операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларына да түзетулер енгізілді.
Бұйрық 2026 жылғы 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:35, 20 тамыз 2026
19 жыл бұрын жоғалған: Алматы тауларынан табылған адамның кім екені анықталды
-
12:28, 20 тамыз 2026
Төрт күнде 150 мың хабарлама: Астанада SMS-бластер қолданған топ әшкереленді
-
12:17, 20 тамыз 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД волонтерлерінің алғашқы форумына қатысушыларды құттықтады
-
11:59, 20 тамыз 2026
Жалпы нәтижеге әркімнің еңбегі қосылады: отандық көліктер конвейерден шығып, сайлау күнін бейнеледі
-
11:47, 20 тамыз 2026
20 тамызда Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай





