19 жыл бұрын жоғалған: Алматы тауларынан табылған адамның кім екені анықталды
© Сурет: Facebook/Анастасия Ахметова
Қазақстандық әйел Алматы тауларындағы Северцов мұздығынан шетелдік туристер тапқан адам сүйектері 2007 жылы жоғалып кеткен әкесіне тиесілі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нелля Михеева 2026 жылғы 20 тамызға қараған түні Instagram парақшасында табылған адамның әкесі екенін қалай анықтағанын айтып берді.
"Қымбатты достар, бүгін біздің отбасымыз үшін бір жағынан қайғылы, екінші жағынан қуанышты күн. Неліктен екенін түсіндірейін. Арада 19 жыл өткенде әкемнің сүйегі табылды. Северцов мұздығы ерігеннен кейін Беларусьтен келген туристер әкемнің сүйегі мен рюкзагын тауыпты. Бейжай өтіп кетпегендері үшін оларға алғысым шексіз. Таңертең құрбым маған рюкзактың суреті жарияланған жазбаны жіберіп, оның біздікіне қатты ұқсайтынын айтты. Суретке қараған бойда әкемнің рюкзагы екенін таныдым. Бұл кеңес дәуірінен қалған ескі қаңқалы рюкзак еді. 2007 жылы дәл осындай рюкзакпен тағы біреудің тауға шығуы екіталай. Кейінірек күйеуім де сол жазбаны жіберіп, "Қарашы, меніңше, бұл біздікі" деді", – деп әңгімеледі ол.
Осыдан кейін әйел мәйітті мұздықтан түсірген құтқарушылармен байланысқан. Олар полиция тергеушісінің телефон нөмірін берген.
"Тергеуші қолымызда сақталған барлық құжат пен материалды жіберуді сұрады. Біз бәрін жолдадық. Мен әкемнің рюкзагы көрінетін таудағы суреттердің барлығын жібердім. Біраз уақыттан кейін тергеуші қайта хабарласып, рюкзактың ішінен әкемнің атына берілген жеке куәлік табылғанын айтты", – деді Нелля Михеева.
Ол өзіне және отбасына қолдау білдірген барша жанға алғыс айтты.
"Қазір қандай сезімде екенімді өзім де түсіне алар емеспін. Бір жағынан, бұл оқиға осындай қайғылы жағдайда болса да аяқталып, әкемнің табылғанына және оның сүйегін жер қойнына тапсыра алатынымызға қуанамын. Екінші жағынан, осының бәрін қайта бастан өткеру өте ауыр", – деп түйіндеді әйел.
Ер адамның қандай жағдайда жоғалып кеткені хабарланған жоқ. Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме бермеді.
Еске салайық, 2026 жылғы 18 тамызда Беларусьтен келген туристер Алматы тауларынан адам сүйектерін тапқан еді. 19 тамызда құтқарушылар мәйітті Северцов мұздығынан төмен түсірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:28, 20 тамыз 2026
Төрт күнде 150 мың хабарлама: Астанада SMS-бластер қолданған топ әшкереленді
-
12:17, 20 тамыз 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД волонтерлерінің алғашқы форумына қатысушыларды құттықтады
-
12:09, 20 тамыз 2026
Қазақстанда техникалық байқаудан өткізу қағидалары өзгерді
-
11:59, 20 тамыз 2026
Жалпы нәтижеге әркімнің еңбегі қосылады: отандық көліктер конвейерден шығып, сайлау күнін бейнеледі
-
11:47, 20 тамыз 2026
20 тамызда Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай





