«Тікұшақтар көктен 26 рет су төкті». Қарағанды облысында алапат өрт сөндірілді
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қарағанды облысының Шет ауданында, Үңірек ауылы маңындағы орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы аумағында 613,6 гектар құрғақ шөп пен орманмен көмкерілген аумақтың жануы орын алды. Өрттің орман алқаптарына одан әрі таралуына жол берілген жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрттің жалпы ауданы 650 гектарды құрады.
"Өртті сөндіру жұмыстары таулы-жоталы жер бедерінің күрделілігімен, кейбір учаскелердің қолжетімсіздігімен және қатты екпінді желмен қиындатылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің таралуы тоқтатылды. Қолжетімсіз аумақтардағы жекелеген ошақтарды сөндіру үшін ТЖМ авиациясы тартылды. Су төгу құрылғыларымен жабдықталған "Қазавиақұтқару" тікұшақтары арқылы жалпы көлемі 78 тонна суды құраған 26 рет су төгу жұмысы жүргізілді".
Сондай-ақ құзыршлы ведомство өртті сөндіруге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылықтарының және өзге де өзара іс-қимыл жасайтын қызметтердің шамамен 310 қызметкері мен 44 техникасы, сондай-ақ "Қазавиақұтқару" кәсіпорнының екі тікұшағы жұмылдырылғанын нақтылайды.
"Қазіргі уақытта жекелеген бықсыған ошақтарды жою және аумақты суару жұмыстары жүргізілуде. Жағдай ТЖМ бақылауында", делінген хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:11, 4 қыркүйек 2026
«Дала күні – 2026»: Сыр өңірінде күрішке орақ түсті
-
19:48, 4 қыркүйек 2026
Прокуратура тексерісінен кейін әкімнің орынбасары мен тағы 9 шенеунік жазаланды
-
19:39, 4 қыркүйек 2026
Қазақстандық таеквондошылар Оңтүстік Кореядағы беделді турнирде өнер көрсетеді
-
19:30, 4 қыркүйек 2026
Маңғыстауда пойызға отырғызу кезінде ер адам қайтыс болды
-
19:23, 4 қыркүйек 2026
«Дәрігер полиция шақырған». Сарбаз Ақтөбедегі әскери бөлімде өзінің үнемі таяққа жығылатынын мәлімдеді





