Қазақстанда сұйытылған газды елден шығаруға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі міндетін атқарушының 2026 жылғы 4 мамырдағы сұйытылған мұнай газын тасымалдау мәселелері жөніндегі бұйрығына қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобиль және теміржол көлігімен алты ай мерзімге елден шығаруға тыйым салынды.
Алайда бұл шектеу төмендегі жағдайларға қолданылмайды:
- өнімді бөлу туралы келісім немесе жер қойнауын пайдалану келісімшарты аясында өндіріс жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылардың экспортына;
- Қарашығанақ және Қашаған кен орындарынан өндірілген қазақстандық шикізаттан дайындалған (қайта өңделген) тауарларды Қазақстанның халықаралық шарттары негізінде сыртқа шығаруға;
- басталуы мен аяқталуы Қазақстаннан тыс жерде болатын транзиттік тасымалдарға;
Қазақстан Үкіметінің шешімімен көрсетілетін гуманитарлық көмек аясында шығарылатын өнімге.
Бұйрық 2026 жылғы 14 мамырдан бастап күшіне енді.
Айта кетейік, Қазақстанда сұйытылған газды елден шығаруға тыйым 2025 жылдан бері бірнеше рет ұзартылып келеді. Соның ішінде бұл шектеу 2025 жылғы 14 қарашадан бастап та ұзартылған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:12, 19 мамыр 2026
Алтын Ордаға Қазақстан тарихының академиялық жинағында алғаш рет жеке том арналды
-
15:10, 19 мамыр 2026
Жаңа Конституцияда Ұлы дала сабақтастығын сақтау қастерлі парыз ретінде бекітілді-мемлекет басшысы
-
15:08, 19 мамыр 2026
Тоқаев: Жошы ұлысы алғашқылардың бірі болып жаһандық нарық қалыптастырды
-
15:05, 19 мамыр 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен тамыр тартады
-
15:03, 19 мамыр 2026
️Президент: Алтын Орда жылнамасы – адамзатқа ортақ тарих





