Алтын Ордаға Қазақстан тарихының академиялық жинағында алғаш рет жеке том арналды
© Фото: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда мұрасын жүйелі түрде зерттеу және жаңғырту бағытында Қазақстанда ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы тарихи-ғылыми даму мәселелеріне арналған жиында мәлімдеді.
Президенттің сөзінше, Алтын Орда мұрасы – ұшан-теңіз рухани және тарихи қазына.
"Алтын Орда мұрасы – ұшан-теңіз. Біз осы алып рухани, тарихи қазынаны ХХІ ғасырға бейімдеп, жаңғырту үшін жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы өз бастамасымен арнайы ғылыми институт құрылғанын атап өтті.
"Менің бастамаммен Қазақстанда Жошы Ұлысын зерделеу институты құрылды. Бұл – осы тақырыпты терең зерттеумен айналысатын тұңғыш ғылыми мекеме", – деді Президент.
Тоқаевтың айтуынша, отандық тарихты жүйелеу бағытында маңызды академиялық жоба жүзеге асырылып жатыр.
"Қазіргі таңда әзірленіп жатқан Қазақстан тарихының академиялық жинағында алғаш рет Алтын Ордаға жеке том арналып отыр", – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент Жошы ұлысының мұрасын кеңінен насихаттау жұмыстарына тоқталды.
"Жошы Ұлысының мол тарихи-мәдени мұрасын жұрт жадында жаңғырту үшін фильмдер түсіріліп, кітаптар шығарылып жатыр. Сондай-ақ спектакльдер де қойылып, ескерткіштер орнатылып, көрмелер өткізілуде", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сөз соңында Президент бұл бағыттағы жұмысты халықаралық деңгейде кеңейтудің маңызын атап өтті.
"Алайда Алтын Орданың мән-маңызын терең зерделеп, оның тарихи рөлін жан-жақты насихаттау үшін мүлде жаңа, яғни, халықаралық ауқымдағы жұмыс істелуі қажет", – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:38, 11 маусым 2026
Жанәбіловтар рақымшылыққа ілігуі мүмкін бе - ІІМ жауап берді
-
15:17, 11 маусым 2026
Қазақстандықтарды әскери қайта даярлауға шақыруы мүмкін бе
-
15:02, 11 маусым 2026
Алматы тауларында жас жігіт квадроциклмен апатқа ұшырап, көз жұмды
-
14:49, 11 маусым 2026
Италияда қазақстандық студент қаза тапты
-
14:33, 11 маусым 2026
Жамбыл облысына дронның құлауы: Қорғаныс министрлігі алдын ала себепті атады





