Қазақстанда шипажайлар мен курорттық аймақтарға бақылау күшейтіледі

16:56, 27 қазан 2026
MKZ: 1574579

© Фото: pexels

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттық сауалға берген жауабында шипажайлар мен курорттық аймақтарға бақылауды күшейту жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда 333 шипажай-курорттық ұйым жұмыс істейді.

"Астанада – 12, Алматыда – 34, Шымкентте – 20 ұйым бар. Өңірлер бойынша: Абай облысында – 7, Ақмола облысында – 20, Ақтөбе облысында – 7, Алматы облысында – 22, Атырау облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 3, Жамбыл облысында – 16, Жетісу облысында – 9, Қарағанды облысында – 13, Қостанай облысында – 8, Қызылорда облысында – 17, Маңғыстау облысында – 7, Павлодар облысында – 7, Солтүстік Қазақстан облысында – 3, Түркістан облысында – 117, Ұлытау облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 6", – деп атап өтті Жұманғарин.

Оның айтуынша, шипажай-курорттық ұйымдардың басым бөлігі жеке меншікте болғандықтан, қолданыстағы есепке алу жүйесі олардың материалдық-техникалық базасы, нөмірлік және төсек-орын қоры, жүктемесі мен пайдаланылатын табиғи емдік ресурстары туралы толық әрі нақты ақпарат алуға мүмкіндік бермейді.

"Осыған байланысты Үкімет шипажай-курорттық ұйымдардың бірыңғай тізілімін қалыптастыруды көздейтін заңнамалық түзетулер әзірледі. Қазіргі уақытта бұл түзетулер Құрылтайда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы аясында қаралып жатыр", – делінген жауапта.

Қазақстандағы демалыс құны туралы мына материалдан оқи аласыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!