Қазақстанда сәуірдің басында коронавирус өршіп, биік шыңына жетуі мүмкін екені болжанды

09:40, 25 наурыз 2020

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирустың өршуінің ең жоғары деңгейі сәуір айының бірінші онкүндігінде көрініс табады деп болжайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында берген сұқбатында айтты.

Сәуірдің алғашқы онкүндігінде індет өршіп, биік шыңына жетеді деп күтіледі. Өкінішке орай, әрқашан бұл бізге байланысты емес, - деді ол.

- Біздің есебіміз бойынша қабылданған шаралар аурудың таралуын шамамен 50 процентке азайтты. Сондықтан, карантиндік шараларды сақтау қажет, кеше Президент айтқандай, мүмкін бұл шараларды одан әрі де қатайтуы мүмкін, бұл инфекцияның таралу жылдамдығын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Біртанов өз кезегінде халықаралық ұйымдардағы әріптестеріне өз алғысын білдірді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!