Қазақстанда онлайн-төлемдер көлемі соңғы бес жылда 10 есе өсті
© Фото: freepik
Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі он есеге артты. Нәтижесінде онлайн-төлемдердің үлесі 90%-ға жетіп, барлық операциялар жедел және кідіріссіз жүзеге асып отыр.
2025 жылдың алғашқы 9 айында транзакциялар көлемі 1 квадриллион теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Алматыда өтіп жатқан Central Asia Fintech Summit форумында хабарлады.
Форумда Тимур Сүлейменов клиентті онлайн сәйкестендіруден бастап банк шотын ашу, несие рәсімдеу, төлем жасау және мемлекеттік қызметтер алу сияқты қызметтердің цифрлық форматта қолжетімді екенін атап өтті. Қазір Ұлттық банк базасында ай сайын шамамен 4 миллион өтінішті өңдейтін биометриялық сәйкестендіру сервисі жұмыс істейді, деп жазады qazaqstan.tv.
"Цифрлық активтер қаржы жүйесінің толыққанды бөлігі болуы керек. Оларды дұрыс интеграциялау оңай емес. Біз бөлек нарық құруды көздемейміз, керісінше оны қолданыстағы қаржы жүйесіне біртіндеп енгіземіз. Бұл процесте ашықтық, сенімділік және бірыңғай бақылау стандарттары сақталады." Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банкі төрағасы
Жыл соңына дейін цифрлық активтерді айналымға енгізу, токендеу және цифрлық қаржы құралдарының айналымын реттеу мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда токендеу мен стейблкоинге қатысты 15 жоба сынақтан өтіп жатыр. Саммит барысында "жасыл токен" жобасы таныстырылды.
"Жасыл токен – экологиялық тұрақтылықты арттыруға және қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған цифрлық актив. Ол қарапайым инвестициялық токендерден ерекшеленеді, себебі қаржылық табыстылық пен экологиялық әсерді біріктіреді." Берік Шолпанқұлов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары
Саммит кезінде бірыңғай QR-код арқылы төлем жасау жүйесі іске қосылды. Сонымен қатар, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алдағы 5 жылға арналған қаржы саласын цифрландыру стратегиясын бекітті. Бұл құжат елдегі барлық цифрлық қаржы бастамаларын біріктіріп, саланы әрі қарай дамытуға бағытталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:38, 3 наурыз 2026
Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өрт шықты
-
22:01, 3 наурыз 2026
Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам сотталды
-
21:40, 3 наурыз 2026
Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 500-ге жуық қазақстандық елге оралады – СІМ
-
21:15, 3 наурыз 2026
Рудный қаласында екі жастағы қыз бала «Газель» көлігінің астына түсіп, қаза тапты
-
20:42, 3 наурыз 2026
4 наурызда қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды





