Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

19:19, 14 шілде 2026

© Сурет: pexels

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері мен Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері сәйкестендіру нөмірлері өшірілген тегіс ұңғылы аңшылық мылтықты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаменті мәліметінше, қару мұқият жасырылған.

"Ол қызыл түсті футболка мен құрылыс қапшығына оралып, Жансүгіров көшесі маңына тасталған. Тәркіленген мылтық сот сараптамасына жолданды. Сарапшылар оның атуға жарамдылығын анықтап, қарудың кімге тиесілі болғанын және оның қандай да бір қылмыстарды жасау кезінде пайдаланылған-пайдаланылмағанын тексеретін болады". Алматы қалалық ПД

Заңсыз қару айналымы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта полицейлер қарудың шығу тегін және оны жасырған адамдарды анықтау бағытында тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Ақмола облысында полицейлер орманнан шолақ мылтық тауып алғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!