Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерді лауазымға орналасу алдында тестілеу ережелері өзгерді

11:15, 8 қараша 2024

© Фото: senate.parlam.kz

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2024 жылғы 1 қарашадағы бұйрығымен мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлерге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жеке кабинетке осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өту мәндерінен төмен нәтижелері бар тестілеуден өткені туралы анықтама жіберіледі.

Аталған адамдарды қайта тестілеуге жіберуге тестілеу өткізілген күннен бастап кемінде күнтізбелік үш күн өткен соң жол беріледі.

жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидаларына:

  • Іріктеу кезеңдерінен өту кезінде үміткер жеке қатысуын және бөгде адамдардың болмауын қамтамасыз етеді;
  • орнын тастап кетпейді;
  • экраннан бұрылмайды;
  • кескінді жаппайды;
  • бейнекамераны ажыратпайды;
  • жүйенің сұранысы бойынша ол іріктеу кезінде орналасқан бөлмеге (360 градус) дөңгелек шолу жасайды;
  • телефонмен сөйлеспейді;
  • басқа тұлғалардың дербес компьютерге (қашықтан қол жеткізу бағдарламалары) қол жеткізуіне мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтамасын қолданбайды және оның жоқтығын қамтамасыз етеді, аудио гарнитура (құлаққап), көмекші электрондық, баспа, қағаз және өзге де материалдар, сондай-ақ заттарды пайдаланбайды.

Жүйемен ұсынылып, өзінің қатысуын жүйеде растаған бағалаушы, конкурстық комиссия құрамынан негізсіз шығарылуға жатпайды.

Бағалаушыны қатыспау себебінен шығарып жіберген жағдайда кадр қызметі шығару себебін көрсетеді.

Конкурстық комиссияны қалыптастыру кезеңінде кадр қызметі әңгімелесу басталғанға дейін кемінде 30 минут бұрын қосымша бағалаушыны қосу мүмкіндігі бар.

Бұдан басқа, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай тармақтар қолданысқа енгізіледі

Кадр қызметі өтінімдерді қабылдау (үн қосу) мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде үміткерлердің өтінімдерін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көзделген мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігіне қарауды жүргізеді, сондай-ақ мынадай құжаттардың сканерленген нұсқаларының болуын және толықтығын тексереді:

  • еңбекқызметін растайтын құжат (біліктілік талаптары өтілінің болуын көздейтін лауазымдар үшін);
  • білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшалары.

Үміткер осы лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, жүйемен конкурс кезеңдерінен өтуге рұқсат беру туралы хабарлама жіберіледі.

Үміткер осы тармақта көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, бір жұмыс күні ішінде кадр қызметі жүйе арқылы қажетті құжаттарды толықтыру және ЭЖІ-ті түзету туралы хабарлама жібереді. Үміткерге қажетті құжаттарды толықтыру және ЭЖІ-ті түзету мүмкіндігі бір рет беріледі.

Құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған үміткер жүйеде бір жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды толықтырады және ЭЖІ-ті түзетеді.

Кадр қызметі қажетті құжаттар толықтырылғаннан және ЭЖІ түзетілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған үміткердің ЭЖІ-ін бос лауазымның біліктілік талаптарына сәйкестігіне қайта тексереді.

Үміткер біліктілік талаптарына сәйкес келмеген және (немесе) осы тармақта көзделген құжаттар ұсынылмаған не жоқ болған жағдайда және құжаттардың толық емес топтамасын не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттар оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда үміткерді конкурстың келесі кезеңіне жіберуден бас тартылады және жүйемен конкурс кезеңдерінен өтуге жіберуден бас тарту туралы хабарлама жолданады.

Үміткер құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда кадр қызметімен конкурс кезеңдеріне жіберуден негізсіз бас тартуға жол берілмейді.

Үміткер конкурс кезеңдеріне жіберілгеннен кейін жүйемен үміткерге дербес сәйкестендіру нөмірі беріледі.

Үміткердің дербес сәйкестендіру нөмірі іріктеу кезеңдеріне қатысқан кезде үміткерді оның дербес деректерін көрсетпей иесіздендіру үшін пайдаланылады.

«Эссе жазу» конкурсы кезеңінен өткен үміткерлер тарапынан қағидалар талаптарын бұзушылықтар болмаған жағдайда, проктор тексеру нәтижелерін жариялағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде эссені конкурс комиссиясының мүшелері осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген әдістемеге сәйкес бес баллдық шәкіл бойынша бағалайды.

Эссені бағалауға конкурстық комиссия құрамының кемінде үштен екісі қатысады. Әрбір эссе конкурстық комиссия мүшелерінің бірдей санымен бағаланады және ЭЦҚ көмегімен расталады.

Конкурстық комиссия мүшесінің үміткердің эссесін бағалаудан бас тартуына жол берілмейді.

«Эссе жазу» конкурсы кезеңінен өткен үміткерлер тарапынан қағидалар талаптарын бұзушылықтар болмаған жағдайда, проктор тексеру нәтижелерін жариялағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде эссені конкурс комиссиясының мүшелері осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген әдістемеге сәйкес бес баллдық шәкіл бойынша бағалайды.

Эссені бағалауға конкурстық комиссия құрамының кемінде үштен екісі қатысады. Әрбір эссе конкурстық комиссия мүшелерінің бірдей санымен бағаланады және ЭЦҚ көмегімен расталады.

Конкурстық комиссия мүшесінің үміткердің эссесін бағалаудан бас тартуына жол берілмейді.

Үміткерлермен әңгімелесу жүйе арқылы жеке қабинетке жіберілген сілтеме бойынша бейнебайланыс режимінде жүргізіледі.Үміткерлерді жүйеде әңгімелесу кезеңіне кіруден негізсіз бас тартуға жол берілмейді.

Конкурс комиссиясының әрбір мүшесі осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген әдістемеге сәйкес жүйеге баллды енгізу арқылы үміткерлермен әңгімелесу қорытындыларын жеке бағалайды және ЭЦҚ көмегімен растайды.

Комиссия мүшесіне үміткерлермен әңгімелесу қорытындыларын бағалаудан және ЭЦҚ көмегімен бағалауды растаудан бас тартуға жол берілмейді.

Бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін абзацтарды қоспағанда, 2024 жылғы 8 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!