Қазақстанда мемлекеттік қызмет процестерін автоматтандыратын қызмет пайда болады

17:50, 20 қыркүйек 2021

© Сурет: Pixabay

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы "2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңын жүзеге асыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізетін Үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, құжатты "Е-Қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту мен жаңғырту жолымен толықтыру жоспарлануда.

Бұл жоба ақпараттық жүйені жетілдіруге бағытталған, бизнес-үдерістерді модельдеу мен орнатудың икемді құралы. Аталмыш бағдарламалық жүйені қолданатын болсақ, мемлекеттік қызметтің кадрлық процестерін автоматтандыруға мүмкіндік ашылмақ, делінген түсініктемеде.

Белгіленгендей, жобаны мақұлдау үшін 395 716 мың теңге көлемінде қаржы қажет етіледі.

Қаулы жобасы 4 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылды.

Жайна Тәттімбетова


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!