Қазақстанда мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын жаңа жолмен қадағалайтын болады

13:29, 26 тамыз 2024

© Фото: pexels

Қазақстанның білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі жастағы балалардың даму картасы енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік мектепке дейінгі жастағы балалардың даму картасын автоматтандырды.

"Бұл карта балалардың дамуын бақылауға және олардың бойында дағдылардың қаншалықты қалыптасқанын бағалауға мүмкіндік береді",- делінген ақпаратта.

Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова атап өткендей, бұл карта бастауыш сынып педагогтері үшін балалардың мектеп бағдарламасын одан әрі меңгеруінде маңызды құрал болмақ.

Карта цифрлық форматқа ауыстырылып, Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграцияланған, бұл мектептерге ақпаратты беруде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы үздіксіз байланысты қамтамасыз етеді.

"Мектепке дейінгі жастағы балалардың даму картасы бізге әр баланың қажеттіліктерін тереңірек түсінуге және оны мектепте сәтті білім алуға дайындауға мүмкіндік береді. Картада дамудың барлық маңызды аспектілері көрсетілген: физикалық жағдайы, Типтік оқу бағдарламасын меңгеру барысында қалыптасатын коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық, зерттеушілік және әлеуметтік-эмоционалдық дағдылары. Мұндай жүйелі тәсіл сапалы білім беруді қамтамасыз етеді және балалардың бастауыш мектепте сәтті бейімделуіне ықпал етеді", — дейді Манар Адамова.

Министрліктің ақпаратынша, елімізде 2-6 жас аралығындағы шамамен 1 млн баланы қамтитын 11,5 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.

21 тамызда Алматыда полицейлер мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін тексерді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!