Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап автокөліктердің «сұр» импортын тежеу күшейтілмек
© Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 21 шілдеде өткен Үкімет отырысында 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға автокөліктерді заңсыз әкелудің алдын алу үшін кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеудің жаңа тәсілдерін енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Үкімет басшысы қолда бар мәліметтерге сәйкес, елімізге көлік құралдарын заңсыз әкелу фактілері әлі де тіркеліп жатқанын айтты.
"Көп жағдайда мұндай көліктер техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келмейді. Бұған кеден заңнамасы нормаларын қолданудағы олқылықтар да себеп болып отыр. Қаржы министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, 10 күн ішінде елге автокөліктердің заңсыз ("сұр") әкелінуіне жол бермеу жөніндегі кешенді шараларды әзірлеуі қажет. Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіруге қатысты нақты әрі бірыңғай ұстаным қалыптастырылуы тиіс", – деді Олжас Бектенов.
Ол кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеудің жаңа тәсілдері биылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілуі қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар Премьер-министр халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Бұған дейін Қазақстанда қандай автокөліктер өндірілетіні белгілі болған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:01, 21 шілде 2026
Қазақстандық блогер Instagram-дағы бір видеосы үшін өтемақы төлеуге міндеттелді
-
18:42, 21 шілде 2026
Балқаш қаласының әкімі тағайындалды
-
18:37, 21 шілде 2026
Қазақстанда магистратураға түсуге өтініш қабылдау мерзімдері жарияланды
-
17:37, 21 шілде 2026
Білім беру гранттары конкурсына қанша талапкер өтініш тапсырды
-
17:21, 21 шілде 2026
Астана тұрғыны әскердегі зорлық туралы жалған ақпарат таратқаны үшін сотталды





