Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан балалар саны күрт артқан

17:50, 23 шілде 2021

© Сурет: pixabay.com

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят балалардың коронавирус инфекциясына жиі шалдыға бастағанын атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Жыл басынан бері 34 мың бала коронавирус инфекциясын жұқтырды. Қазір 558 бала стационарда ем алып жатыр, 13 жаңа туған нәресте коронавирус инфекциясына байланысты бақылауға алынды, - деді ол ОКҚ-дағы брифингіде.

Оның айтуынша, балалар арасындағы ауруға шалдығушылықтың өсімі жыл басынан бері тіркеліп келеді, соңғы айларда ауру саны 4-5 есеге артқан.

Ауыр халде төрт бала жатыр: Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қызылорда және Жамбыл облыстарында. Олардың жағдайы мұқият бақылауға алынған, - деді Ажар Ғинаят.

Жыл басынан бері балалар арасында екі өлім тіркелді: Солтүстік Қазақстан облысында және Нұр-Сұлтан қаласында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!