Қазақстанда қолдан жасалған дипломдар анықталуда: Ғылым министрлігінің мәлімдемесі
© Сурет: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті интернетте тараған жалған дипломдар жөніндегі ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның 5 желтоқсанда хабарлауынша, құжаттардың заңсыз айналымының алдын алу мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 1991 жылдан бері берілген дипломдардың деректер базасын құрды.
Министрлік білім беру туралы құжаттардың өзіндік үлгісінің мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды, сондай-ақ жоғары оқу орындары түлектеріне арналған осындай құжаттардың серияларын бекітті. Дипломдар арнайы модуль арқылы бірегей нөмірлер мен QR-кодтар беру жолымен қалыптастырылады. Жүйеге қол жеткізу құқығы осы модульде тіркелген, ресми түрде жауапты университет қызметкерлеріне ғана беріледі.
Дипломдарды генерациялау "Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы" (ЖББП) ақпараттық жүйесіндегі білім алушылар туралы деректер негізінде жүзеге асырылады. Егер білім алушы туралы ақпарат ЖББП-да болмаса, диплом нөмірін қалыптастыру мүмкін емес.
Өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттарда генерацияланған бірегей нөмір мен QR-код болмаған жағдайда мұндай құжаттар жарамсыз деп танылады.
Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және ҚР Ішкі істер министрлігі жалған дипломдарды дайындау және сату фактілерін тұрақты түрде бақылап, тоқтатып отырады. ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес жалған құжаттарды жасау немесе қолдану айыппұл салуға, түзеу жұмыстарына немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыруға әкеп соғады.
Бүгінгі таңда 46 жалған диплом және оларды заңсыз дайындаумен айналысқан 20 интернет-ресурс анықталды. Материалдар ІІМ мен МАМ-ға жолданды.
Сонымен қатар жоғары оқу орындары деректерді цифрландыру жұмысын жалғастырады, ал жұмыс берушілер дипломның түпнұсқалығын https://epvo.kz сервисі арқылы тексере алады. Дипломның электрондық нұсқасы электрондық үкіметтің ("Цифрлық құжаттар") мобильді қосымшасында да қолжетімді.
Жалған дипломдарды жасау немесе пайдалану заңмен қатаң жазаланатынын ескертеміз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:21, 5 желтоқсан 2025
81 млн теңге шығын: қазақстандық ойын-сауық клубын қиратып, өртеп жіберді
-
11:15, 5 желтоқсан 2025
Наурыз айынан бері алғаш рет доллар 500 теңгеден төмен түсті: сарапшылар қандай пікірді
-
11:06, 5 желтоқсан 2025
«Mortal Kombat» фильмінің актері өмірден өтті
-
10:57, 5 желтоқсан 2025
Абай облысында полицейлер мал ұрлығының бетін ашты
-
10:46, 5 желтоқсан 2025
Жетісу облысында ойын-сауық орталығын өртеген азаматқа сот үкімі шықты





