Қазақстанда кімдер әскери есепке алынбайды: ережеге өзгеріс енгізілді
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 1 қыркүйектегі бұйрығымен әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңартылған қағидаларға сәйкес, мына санаттағы азаматтар әскери есепке алынбайды:
- әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдер;
- әскери қызметтен отставкаға шығарылғандар;
- запаста болудың шекті жасына толуына байланысты әскери есептен шығарылғандар;
- әскери қызметке жарамсыз деп танылып, әскери есептен шығарылғандар;
- бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқандар;
- Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұратындар;
- құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері;
- аталған органдардың әскери және арнаулы оқу орындарында білім алып жүрген курсанттар мен тыңдаушылар.
Бұйрық 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:42, 4 қыркүйек 2026
Юлия Путинцева US Open-2026 турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды
-
13:34, 4 қыркүйек 2026
«Көкнәр қосылған асқабақ жегім келеді»: ер адам 82 метрлік мұнараға шығып, күтпеген талап қойды
-
13:23, 4 қыркүйек 2026
Шымкентте жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
-
13:16, 4 қыркүйек 2026
Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені төмендетті
-
13:02, 4 қыркүйек 2026
Ғалымдар адам ағзасы қай жастан бастап қартая бастайтынын анықтады





