3 қыркүйектегі саудада доллар аздап қымбаттады

15:52, 3 қыркүйек 2026
MKZ: 1565009

© Фото: Zakon.kz

2026 жылғы 3 қыркүйекте сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,47 теңгеге көтеріліп, 455,86 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 0,02 теңгеге өсіп, 5,26 теңгеге жетті.

Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 0,02 теңгеге төмендеп, 67,67 теңгені құрады.

Елдегі ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу және сату бағамы 456,4-458,4 теңге, еуро – 529-534,1 теңге, рубль – 5,15-5,27 теңге аралығында белгіленді.

2 қыркүйекте әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеді.

ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстері 0,37%-ға арзандап, барреліне 95,28 доллар болды.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері 0,31%-ға төмендеп, барреліне 90,73 долларды құрады.

Таңертең ҚР Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 455,4 теңге, еуроны 526,9 теңге, рубльді 5,25 теңге деңгейінде белгіледі.

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында 3 қыркүйектің бірінші жартысында шетел валютасы қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын мына жерден білуге болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!