Қазақстанда қауіпті аурулар бойынша көрсеткіштер төмендеді

14:09, 23 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz

Ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы жанындағы иммунопрофилактика орталығының басшысы Нұршай Әзімбаева 2026 жылғы 23 сәуірде ОКҚ брифингінде елімізде бірқатар қауіпті аурулар бойынша сырқаттанушылықтың азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, эпидемиялық паротит, А және В вирустық гепатиттері, сондай-ақ қызамық бойынша көрсеткіштер айтарлықтай төмендеген.

"Қазақстан Республикасының ұлттық екпе күнтізбесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынымдарына сәйкес келеді және дамыған елдердің иммундау кестесіне ұқсас. Соңғы 35 жылда иммундау саясатының арқасында эпидемиялық паротит 1990 жылғы 12 194 жағдайдан 2025 жылы 1 жағдайға дейін азайды. А гепатиті 80 еседен астам, В гепатиті 94 еседен астам, ал қызамық 180 еседен астам төмендеді", – деді Нұршай Әзімбаева.

Сондай-ақ дәрігердің мәліметінше, елде бірқатар аурулар бойынша тұрақты түрде төмен деңгей сақталып отыр.

Атап айтқанда:

  • сіреспе жылына 2-6 жағдай аралығында тіркеледі;
  • 1996 жылдан бері полиомиелит дерегі тіркелмеген;
  • 2009 жылдан бері дифтерия анықталмаған.

Маманның айтуынша, бұл нәтижелер ұлттық вакцинация саясатының тиімділігін көрсетеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!