Қазақстанда 300 мыңнан астам бала алиментке мұқтаж
© Фото: freepik
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов 22 сәуір 2026 жылы депутаттық сауалында алимент қорын құру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, алиментке қатысты құжаттар бойынша жалпы берешек 18 млрд теңгеге жеткен.
"Уәкілетті органның дерегінше, тек 4 пайыз ғана алиментке мұқтаж деп көрсетіледі. Алайда бұл көрсеткіштің артында 300 мыңнан астам бала тұр. Алимент өндіру мәселесі – әлеуметтік сипаттағы жүйелі проблемаға айналды", – деді депутат.
Ол Мәжіліске бұл мәселе бойынша әйелдерден, әсіресе мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналардан көптеген өтініш түсетінін атап өтті.
"Бұл отбасылар баланың тек күнделікті шығындарын емес, ем-дом мен оңалтуға кететін қосымша шығындарды да көтереді. Неге сот шешімі бар болса да, азаматтар алиментті өндіру үшін түрлі мекемелердің табалдырығын тоздыруға мәжбүр?" – деді ол.
Депутаттың пікірінше, алимент қорын құру – әлеуметтік мәселені шешудің бір жолы.
"Біз алимент төлеуден жалтаруға мүмкіндік беретін заңнамалық олқылықтарды жоюымыз керек. Үкіметтің негізгі уәжі – масылдыққа жол беру қаупі. Бірақ шын қауіп – жауапкершіліктен жалтаратын ата-аналардың жазасыз қалуы", – деді Магеррамов.
Оның ұсынысына сәйкес, алимент қоры салықтық емес түсімдер және заңсыз активтерді қайтару есебінен қалыптастырылуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда алимент өндіру тәртібін жеңілдету жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:31, 19 мамыр 2026
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Junior Davis Cup турнирінің ширек финалына мерзімінен бұрын шықты
-
18:20, 19 мамыр 2026
Кения Президенті Уильям Руто Қазақстанға келді
-
18:20, 19 мамыр 2026
Нөсер жаңбыр, бұршақ және үсік: 20 мамырда ауа райы қандай болады
-
17:40, 19 мамыр 2026
Медеуге 10 минутта жетуге болады: Қазақстандағы алғашқы аэротакси таныстырылды
-
17:40, 19 мамыр 2026
Медеуге 10 минутта жетуге болады: Қазақстандағы алғашқы аэротакси іс жүзінде көрсетілді





