Алматылық әйел 230 мың доллар ұрлап, бірнеше жыл Грекияда жасырынған
© Сурет: ҚР ҚМА баспасөз қызметі
2026 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі арқылы Грекиядағы Қазақстан елшілігінің көмегімен аса ірі көлемдегі алаяқтыққа күдікті қазақстандықты елге экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мәліметінше, күдікті 2021 жылы Алматыдағы көлік компаниясында бухгалтер болып жұмыс істеген кезде басшысынан 230 мың АҚШ долларын алған. Ол қаражатты банктік ұяшықта сақтаймын деген сылтаумен иемденіп, жымқырған.
Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.
2024 жылғы маусымда ол Грекия аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.
Қазақстан мен Грекия арасында тікелей әуе қатынасының болмауына байланысты оны Сербия аумағы арқылы транзиттік тасымалдауды ұйымдастыруға Қазақстанның Сербия Республикасындағы Елшілігі қолғабыс көрсетті.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.
Оған тағылып отырған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:10, 23 сәуір 2026
Жансақтау бөлімінде: Теміртау қаласында ойын кезінде үш бала тоққа түсті
-
16:54, 23 сәуір 2026
Астанада зейнеткерге қатысты телефон алаяқтығының жолы кесілді
-
16:43, 23 сәуір 2026
Жамбылда «Тараз – қолөнершілер қаласы» IV халықаралық фестивалі өтуде
-
16:32, 23 сәуір 2026
Астанада «Ұлттық кітап» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды
-
16:24, 23 сәуір 2026
СҚО-да кәріз құдығынан екі жұмысшының мәйіті табылды





