Алматыда төрт автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгерді
© Фото: Zakon.kz
Алматыда 2026 жылғы 23 сәуірден бастап жолаушылар арасында сұранысқа ие төрт автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 22 сәуір күні Алматы Көлік холдингі мәлімдеді.
"Алматы қаласы Алатау ауданындағы Оңғарсынова көшесінің Ақберен көшесінен Қожабеков көшесіне дейінгі учаскесінде асфальтобетон жабынын төсеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, 23 сәуірден бастап №84, №84А, №115 және №142 маршруттарының қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізіледі".
№84
- Оңтүстік бағытта: қозғалыс Мөңке би/Оңғарсынова (соңғы аялдама) – Оңғарсынова к. – Қожабеков к. – Жаңа Ғасыр к. – Орталық к., – әрі қарай сызба бойынша.
№84А
- Солтүстік бағытта: қозғалыс "SMALL" супермаркеті (соңғы аялдама) – Орталық к. – Айналмалы к. – Жаңа Ғасыр к. – Қожабеков к. – Оңғарсынова к. – Мөңке би к., – әрі қарай сызба бойынша.
№115
- Солтүстік бағытта: қозғалыс Оңғарсынова к. бойынша "Наурыз көшесі" соңғы аялдамасына дейін, одан әрі оңтүстік бағытта айналу.
- Кері бағытта: қозғалыс "Наурыз көшесі" соңғы аялдамасынан – Оңғарсынова к., – әрі қарай сызба бойынша.
№142
- Солтүстік бағытта: қозғалыс Оңғарсынова к. – Ақберен к. – Несібе к. – Қожабеков к. – Оңғарсынова к., әрі қарай сызба бойынша.
- Кері бағытта: қозғалыс Оңғарсынова к. – Қожабеков к. – Бес Арыс к. – Ақберен к. – Оңғарсынова к., – әрі қарай сызба бойынша.
Бұған дейін Алматыда 22 сәуірден бастап екі танымал автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгеретіндігін жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:19, 22 сәуір 2026
Отандық жазушылар Атырауда бас қосты
-
20:09, 22 сәуір 2026
Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінде бірқатар келісімдер жасалды
-
19:50, 22 сәуір 2026
Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді
-
19:39, 22 сәуір 2026
23–25 сәуірде Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы күтіледі
-
19:21, 22 сәуір 2026
Рудный әкімі рұқсатсыз салынған барға қарсы сотта жеңіске жетті





