Қазақстанда қанша ҰОС ардагері өмір сүріп жатыр және оларға биыл қандай көмек көрсетіледі
© Сурет: gov.kz
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төлеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанда 2025 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлы Отан соғысының 120 ардагері, сондай-ақ ҰОС жеңісіне үлес қосқан 42 545 азамат тұрады.
Олардың ішінде:
- қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 67 адам;
- концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 139 адам;
- ҰОС кезінде алған жаралануы, контузиясы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайлары – 743 адам;
- ҰОС-та қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері – 2 адам;
- тыл еңбеккерлері – 41 594 адам.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Қарттарды әлеуметтік қорғау шаралары орталық деңгейде де, жергілікті деңгейде де жүзеге асырылады.
Біріншіден, зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері жыл сайын артып келеді. Азаматтардың 19 санатына (соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, ақталған азаматтар және т.б.) өзге де әлеуметтік төлемдерге қарамастан арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу жүзеге асырылады.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҰОС қатысушылары үшін зейнетақыларды ескере отырып, ай сайын алынатын әлеуметтік төлемдердің жиынтық мөлшері 262 334 теңгені және ҰОС кезеңінде алған жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдар үшін – 279 330 теңге болды.
Екіншіден, ардагерлерді әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көрсетіледі. Олардың барлығы әскери қызметшілерге көрсетілетін құқықтар мен кепілдіктерге ие. Салық салу бойынша жеңілдіктерді пайдаланады, оларға Астана және Алматы қалаларындағы мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі, санаторий-курорттық емдеу ұсынылады.
Үшіншіден, ҰОС ардагерлеріне біржолғы материалдық көмек беру жыл сайынғы дәстүрге айналды.
"Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ақпараты бойынша Жеңіс күнінің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне биыл 120 ҰОС ардагерінің әрқайсысына 5 млн теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетіледі", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 23 қаңтар 2025
Бейбіт Жұқаев қазақстандық дербиде жеңіске жетіп, Португалиядағы турнирдің 1/4 финалына шықты
-
22:24, 23 қаңтар 2025
Батыс Қазақстан облысында екі оқушы қыз жүкті болып қалды
-
22:04, 23 қаңтар 2025
Ақтөбеде танысын өлтіріп, оның денесін тоңазытқышта сақтаған күдіктілерге қатысты сот басталды
-
21:53, 23 қаңтар 2025
Көкшетауда дәрігерлерге күш көрсеткен ер адам қамалып, ал әйелі айыппұл арқалады
-
21:45, 23 қаңтар 2025
Саранда дүкен сатушысын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды