Екібастұзда ауа ластану нормасынан асып кетті
© Фото: zakon.kz
Екібастұз тұрғындары қазанның 22-сі мен 24-і аралығында қалада оғаш иіс шыққанын айтып шағымданған. Болжам бойынша, ол көмірсутекке ұқсас. Қала тұрғындары мұны көшелерде де, пәтерлерінде де сезген. Осы иіс екібастұздықтардың жөтеліне себеп болған көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық табиғатты қорғау басқармасының мәліметінше, "Қазгидромет" РМК Павлодар филиалының екі бекетінде атмосфералық ауаның жай-күйі тұрақты бақылауда. Олардың зерттеулері бойынша ауаны ластаушы заттардың концентрациясы нормадан аспайды. Ал департаментке Екібастұздан атмосферадағы артық заттар туралы ешқандай мәлімет келмеді, деп жазды pavlodarnews.kz.
Сондай-ақ, азаматтардан шағым түскен жоқ.
Ауа сапасын бақылайтын және ауаны тазартатын өнімдерді жасайтын швейцариялық IQAir компаниясының зерттеулеріне сүйенсек, бүгінде Екібастұзда РМ2,5 концентрациясы 6,4 көрсетіп отыр. Бұл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандартынан 1,3 есе жоғары.
PM2,5 – минералды тұздардың, қара күйенің, құмның және асфальттың, ауыр металдардың қосылыстарының, өсімдік тозаңдарының, аэрозоль ластануының ұсақ тамшылары мен газдардың микробөлшектері. Ал 2,5 өлшемі – 2,5 микрометрге тең.
IQAir компаниясы Екібастұздағы жалпы ауа жағдайын 35 АҚШ AQI⁺ деп бағалайды, бұл Польшаның Вроцлав қаласындағы ауа жағдайына ұқсас.
6 қарашаға дейін шетелдік компания Екібастұз ауа сапасының жақсы индексін болжап отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:12, 31 қазан 2024
Ақмолада мас жүргізуші жолдың қарсы бағытына шығып кеткен
-
20:48, 31 қазан 2024
Оралда жүк автокөлігінің термобудкасы өртенді
-
20:06, 31 қазан 2024
Қызылордада «Нашарқорлыққа жол жоқ» тақырыбында үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
19:42, 31 қазан 2024
Алматыда Сәтбаев көшесінің бір бөлігі екі күнге жабылады
-
19:00, 31 қазан 2024
Алматыда Медеуге дейінгі жол 14 жылда алғаш рет жөнделді