Қазақстанда ірі ақшамен байланысты істердің беті ашылып, күдіктілер ұсталды

© Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі халықаралық және мемлекетаралық іздеуде болған бірнеше күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство мәліметінше, Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады. 2023 жылдың қараша айында кәсіпкерлік қызметтің атын жамылған қаскүнем жәбірленушіге тендерге қатысса, жақсы пайда табатынын уәде етіп, 76 млн теңгеден астам қаражат пен Lexus 570 автокөлігін иемденіп алған.
Маңғыстау облысының "Бейнеу" теміржол станциясында көрші мемлекеттің азаматы ұсталды. Ол ұрлық жасағаны үшін полициямен іздеуде жүрген. Өткен жылы ер адам Атырауда топпен бірге базар қоймасынан 19 млн теңгеге тауар ұрлап кеткен.
Қарағандыда мемлекетаралық іздеуде жүрген адам ұсталды. Ол басқа біреудің мүлкін иемденіп, талан-таражға салды деп күдікке ілінген. Қаскөй Шымкенттегі ломбардтардың бірінің филиалының директоры бола тұра, өз сыбайластарымен бірге ЖШС-ға тиесілі 1 млрд теңге қаражатты иемденіп, талан-таражға салған.
Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетсек, 2025 жылы 13 ақпанда Алматы облысында ақша бопсалау және тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:23, 26 наурыз 2025
Түркістан облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды
-
21:07, 26 наурыз 2025
Түркістан облысында газ құю бекетіндегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
-
21:04, 26 наурыз 2025
Тоқаев «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы» жарлыққа қол қойды
-
20:52, 26 наурыз 2025
Астанада Қадыр түніне орай шаттл маршруттары іске қосылады
-
20:19, 26 наурыз 2025
АЭС бойынша келіссөздер аяқталуға жақын: Қазақстан KHNP компаниясымен кездесу өткізді