Қазақстанда ғылыми мақсатта қанша каспий албыртын аулауды жоспарлап отыр

09:50, 6 қараша 2024

© Фото: Zakon.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі Үкіметтің "ғылыми зерттеулер үшін сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық пен басқа да су жануарларын алып қою туралы" қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Маңғыстау облысы шегінде Каспий теңізінің Қазақстандық секторының акваториясынан 13 килограмм көлемінде 2024 жылғы 1 желтоқсан мен 31 желтоқсан аралығында мекендеу ортасына кейіннен шығара отырып, ғылыми мақсатта арнайы құрылған жағдайларда өсіру үшін каспий албырты алуға рұқсат етілсін",- делінген құжатта.

Каспий албырты бір килограммын алғаны үшін төлемақы ставкалары 0,017 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерді сақтау және гендік қорды жоғалту мүмкіндігін болдырмау мақсатында ғылыми ұйым негізгі міндеттерінің бірі каспий албыртын сақтау және молайту, қолданысқа енгізу болып табылатын балық өсіру шаруашылығын құруды жоспарлап отыр.

Осы ниеттерді тиімді іске асыру үшін аналық табынның негізін қалыптастыру үшін Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясынан жыл сайын шектеулі мөлшерде каспий албыртын (10) аулау қажет.

Жоба 2024 жылғы 19 қарашаға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!