Қазақстанда газға көтерме саудадағы шекті бағалар өспейді
Қазақстан өңірлерінде газға көтерме саудадағы шекті бағалар өспейді. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министр хабарлағандай халыққа, өнеркәсіптік тұтынушылар мен Қазақстан Республикасының кәсіпкерлеріне қолдау көрсету үшін ҚР Энергетика министрлігі тауарлық газға шекті көтерме бағалардың өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізді.
Өңірлер үшін тауарлық газға шекті көтерме бағаларды ағымдағы деңгейде сақтау туралы шешім қабылданды.
Ағымдағы деңгейде бекітілген тауарлық газға шекті көтерме бағалар халық, кіші және орта бизнес, бюджеттік ұйымдар үшін тауарлық газға бөлшек сауда бағаларын тежеуге әкеледі және мультипликативті әсер ретінде жылу энергиясын өндіретін және электр энергиясын шығаратын отын-энергетикалық кешені үшін тарифтерді тежеуге ықпал етеді.
Бұрын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Министрлік тауарлық газға шекті көтерме сауда бағаларын өңіріне қарай 3,8-ден 17,5% шегінде төмендетті. Бұл еліміздің барлық газдандырылған өңірлерінде электр энергиясы мен жылуға түпкілікті бағаны төмендетуге мүмкіндік берді.
Министрлік бекіткен тауарлық газға шекті көтерме сауда бағасы 2019 жылғы 1 шілде – 2020 жылғы 30 маусым аралығында да ағымдағы деңгейде сақталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:12, 26 сәуір 2024
«Айбын» орденіне Нұрмағамбетовтің, Момышұлының және Қошқарбаевтың есімдері берілді
-
18:43, 26 сәуір 2024
Қызылорда облысында «Жасыл аймақ» апталығы аясында жалпыоблыстық сенбілік өтті
-
18:30, 26 сәуір 2024
Алматыда көші-қонды бақылау күшейді
-
18:21, 26 сәуір 2024
Тимофей Скатов «Челленджер» турнирінің жартылай финалында ойнайды
-
18:08, 26 сәуір 2024
Полиция екі күнде 300-ге жуық қылмыскерді ұстады – ІІМ