Қазақстанда елорданың мәртебесі туралы Конституциялық заң әзірленді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлттық экономика министрлігі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Конституциялық заң әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Конституциялық заң астанадағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері, мәслихат пен әкімдіктің қала құрылысы, экология, көші-қон, көлік, жер мәселелері және басқа да салалар бойынша өкілеттіктері көзделеді.
Сондай-ақ Конституциялық заң астананың аумағы мен қала маңындағы аймағы, жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы, астананың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн-коды, орман-парктік аймақ режимінің ерекшеліктері, инфрақұрылым, сондай-ақ астанадағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің ерекшеліктері және басқа да мәселелер айқындалатын болады.
Мәселен, заң жобасында қалалық инфрақұрылымды ұйымдастыру кезінде жол жүрісіне қатысушыларды, мүгедектігі бар адамдарды, кәмелетке толмағандар мен зейнеткерлерді қоса алғанда, азаматтардың барлық санаттарының оған жайлы қол жеткізуін қамтамасыз ететін астананың жол-көлік және әлеуметтік инфрақұрылымының тиісті жай-күйінен көрінетін қолжетімді орта қамтамасыз етілуге тиіс.
Астананың инфрақұрылымы:
- инженерлік инфрақұрылымды;
- көліктік инфрақұрылымды;
- тұрғын үй қорын, денсаулық сақтау, білім беру және ішкі сауда объектілерін инженерлік қамтамасыз ету, пайдалану және жөндеу жүйесін;
- абаттандыру және көгалдандыру жүйесін;
- астананың жұмыс істеуі үшін қажетті басқа да объектілер мен жүйелерді қамтиды.
Сондай-ақ, құжатта астананың астананың аймақтық рәміздері бар екендігі, аймақтық рәміздердің сипаттамасы мен қолданылуын Астана мәслихаты белгілейтіні қарастырылған.
Бұдан басқа, Конституциялық заңда заң құрылымын оңтайландыру, яғни мәслихат пен әкімдіктің қайталанатын құзыреттерін алып тастау көзделеді. Аталған нормалар басқа салалық заңдармен реттелген (Жер кодексі, Құрылыс кодексі, Жол жүрісі туралы заң, Автомобиль көлігі туралы заң, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заң, Тұрғын үй қатынастары туралы заң және тағы басқа).
Конституциялық заң 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі деп жоспарлануда.
Құжат 20 сәуірге дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:33, 30 наурыз 2026
Алматы билігі электросамокаттарды пайдалану тәртібіне қатысты мәлімдеме жасады
-
17:18, 30 наурыз 2026
«Күн күркіреп, жаңбыр жауады». Еліміз бойынша 31 наурызға арналған ауа райы болжамы
-
16:50, 30 наурыз 2026
Мұнай құнының өсуі теңгені күшейтуде: сәуірдің басында бағам қандай болады
-
16:41, 30 наурыз 2026
2026 жылы Қазақстанда ақылы жолдардан 100 млрд теңгеге дейін қаражат жиналуы мүмкін
-
16:32, 30 наурыз 2026
Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Конституциялық заң әзірленді





