Алматы билігі электросамокаттарды пайдалану тәртібіне қатысты мәлімдеме жасады

17:33, 30 наурыз 2026

© Сурет: Zakon.kz

Алматыда уәкілетті органдармен келісілмеген электросамокаттарды пайдалану фактілері тіркелді. Осыған байланысты олардың қолданылуын шектеу бойынша шаралар қабылдануда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасында бұл мәселе тыйым салу емес, тәртіп орнату туралы екенін атап өтті.

"Самокаттарды бақылаусыз пайдалану, оның ішінде тротуарларда жүру, жаяу жүргіншілер үшін қауіп тудырады. Сондай-ақ, барлық пайдаланушылар жол қозғалысы ережелерін сақтай бермейді. Операторлармен жұмыс жүргізілуде, олардың қызметіне қажетті инфрақұрылым - веложолдар мен тұрақ аймақтары дайын болған сайын рұқсат берілетін болады. Алматыда бүгінде 87 шақырым веложол салынған. Жоспарда тағы 63 шақырым велоинфрақұрылым салу қарастырылған", делінген құзырлы мекеме хабарламасында.

Барлық шаралар қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғаны да нақтыланады.

Бұған дейін электросамокаттар көлік құралы ретінде танылатыны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!