Жолаушы қатар отырған адамды тістеп, ұшақты шұғыл қонуға мәжбүр етті
© Фото: Zakon.kz
American Airlines әуе компаниясының ұшағы Филадельфия халықаралық әуежайына қонуға жақындаған кезде бортта төтенше жағдай орын алды. Жолаушылардың бірі қатар отырған жолаушыны тістеп алған, соның салдарынан ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп жазады Zakon.kz.
Gazeta.ru басылымының Fox News-ке сілтеме жасап жазуынша, экипаж бен диспетчерлер арасындағы радиобайланыс жазбасында ұшқыш жолаушылардың бірі екіншісін тістеп алғанын және айналасындағы адамдармен жанжал шығаруға тырысқанын хабарлаған.
Осыған байланысты экипаж қонғаннан кейін бірден полиция мен медициналық қызметкерлердің келуін сұраған. Ұшқыштың айтуынша, жолаушының мұндай әрекетіне медициналық немесе психикалық жағдай себеп болуы мүмкін.
Ұшақ сәтті қонғаннан кейін бортқа жедел қызметтер мен құқық қорғау органдарының өкілдері келген. Әуе компаниясы кейіннен жолаушының ұшу кезінде "психологиялық дағдарыс" жағдайында болғанын растады.
Әуе компаниясы экипаж мүшелеріне және рейс барысында көмек көрсеткен медициналық қызметкерге алғыс білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін Таяу Шығыстағы бір елде әуе қатынасы күтпеген жағдайда қайта қалпына келгені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:19, 24 маусым 2026
Kaef Mafia есірткі желісінің ұйымдастырушысы Польшадан Қазақстанға экстрадицияланды
-
11:05, 24 маусым 2026
Мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген компания басшысы іздеуге жарияланды
-
10:53, 24 маусым 2026
Қазақстанда отбасының әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесіне өзгерістер енгізілді
-
10:49, 24 маусым 2026
Шілде айында жауын-шашын сирек болады: синоптиктер Қазақстан бойынша болжам жасады
-
10:39, 24 маусым 2026
Полиция қызметкерінің мәйіті жол маңынан табылды: тергеу жүріп жатыр





