Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды
© Сурет: Instagram/atyrau.dkrik.gov.kz
Атырауда Әлеуметтік қорғау департаментінің басшысының денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ақ Жайық" өңірлік басылымының мәліметінше, Бауыржан Асайыновтың денесі 2026 жылғы 18 қазанда өзі тұрған пәтерден табылған.
Бейресми деректерге сәйкес, шенеуніктің денесі табылған кезде пәтерде шамамен екі апта жатқан. Редакция дереккөздері Асайынов пен оның ағасы арасында жанжал болуы мүмкін екенін де хабарлаған. Болжам бойынша, ағасы Асайыновты ұрып, оның әлі тірі кезінде пәтерден кетіп қалған.
Әзірге ағасының қайда екені белгісіз.
Асайынов 2023 жылғы 4 желтоқсаннан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментін басқарғаны белгілі. Әріптестері ведомствоның ресми парақшасында қаралы хабарлама жариялады.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне мемлекеттік қызметшінің қайтыс болғанын растады. Қазір тергеу жүріп жатыр.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірқатар тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды".Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:03, 24 қазан 2026
Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты
-
14:36, 24 қазан 2026
Мерей Мәулитқанов грек-рим күресінен әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады
-
13:40, 24 қазан 2026
Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті
-
13:00, 24 қазан 2026
Астанадағы әлем чемпионаты: «классик» Исхар Курбаев алғашқы белдесуінде жеңіске жетті
-
12:29, 24 қазан 2026
Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен әлем чемпионатын жеңіспен бастады





