Қазақстанда екі айда 78 парақор сотталды

14:07, 5 наурыз 2021

© Сурет: zakon.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сот үкімдері шығып, аяқталған істер бойынша есеп берді, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылдың екі айында шамамен 120 адам сотталды, 28 адам пара алғаны, 50 адам пара бергені, 20 адам алаяқтық, 11 адам ұрлық жасағаны, 7 адам лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін және т. б. сотталды.

Бас бостандығынан айыруға – 41, бас бостандығын шектеуге – 10, еселік айыппұлдарға – 63 адам, қалғандары шартты мерзімге не кейінге қалдырумен сотталды.

144 адамға қатысты қосымша жазалау шаралары қолданылды (бір адамға қатысты бірнеше қосымша жазалау шаралары қолданылуы мүмкін): 115 адам - белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылды, 27 адам - арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айырылды, 2 адам мүлкі тәркіленіп сотталды.

1. Мысалы, 2020 жылғы 2 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен Есіл аудандық сотының бұрын шығарған үкімі қайта қаралып, тиісті жаза тағайындалды:
- "Астана" халықаралық әуежайы" АҚ бұрынғы бас бухгалтері А.Е. Бабашева 11 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді;

- Е.Е. Бабашев мүлкі тәркіленіп, орындау мерзімін 4 жылға кейінге қалдыра отырып (2 жас баланың болуы) 8 жылға бас бостандығынан айырылды;

- бухгалтерияның бұрынғы қызметкерлері Б.К.Узденбаева, З.С. Палманова, Б.Б. Баяндина (2 жас баланың болуына байланысты, орындау мерзімін 5 жылға ұзартумен,); С.С.Илюбаева (жүктілігіне байланысты, орындау мерзімін 1 жылға ұзартумен) мүліктері тәркіленіп, 7 жылға бас бостандығынан айырылды;

- бірқатар кәсіпорын-контрагенттердің директоры М.М. Сейтова мүлкі тәркіленіп, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталған лауазымды адамдар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды, басқа адамдарға ақша және тауар-материалдық құндылықтардың есеп беретін айналымымен байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Сонымен қоса, сотталғандардың 401 миллион теңге сомасындағы тыйым салынған мүліктері залалды өтеуге жіберілді.

Осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Бабашева Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды тұлғаларына АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізбеу үшін 16 млн теңге сомасында пара беруде күдікке ілінген болатын.

Сондай-ақ, Бабашева мен аталған тұлғалар болмаған шарттар мен жұмыстар бойынша жалған шот-фактураларды шығарумен айналысатын 30-дан астам фирманың есеп айыру шоттарына аудару арқылы АҚ-ның 1,6 млрд. теңге сомасындағы ақша қаражатын жымқыру күдікті болды.

2. 03.03.2021 жылы Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Ғ.А.Ширшинбаев 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Ол "Жамбыл облысының Мойынқұм және Қордай аудандарындағы уран кен орындарының қалпына келтірілген нысандарында қоршауды қалпына келтіру және ескерту белгілерін орнату" нысаны бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін орындалған жұмыстарды қабылдау актілеріне қол қою арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануда күдіктеліп, сол арқылы мемлекетке 50 822 236 теңге залал келтірген.

3. 03.03.2021 жылы Алматы облысы Талдықорған қалалық сотының үкімімен "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" ММ басшысы Ж.Д. Телеубаев жалпы сомасы 4 млн теңге 10 еселенген пара сомасы мөлшеріндегі айыппұлға сотталды.

ЖШС директорынан Талдықорған қаласында орналасқан "60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы" нысаны бойынша ЖСҚ түзету бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 400 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

4. 01.03.2021 жылы Степногорск қалалық сотының үкімімен сотталды:

- "Степногорск қаласының білім бөлімі" ММ бас бухгалтерінің орынбасары Г.Н.Савенко, 7 жылға бас бостандығынан айыру, орташа қауіпсіз түзеу мекемелерінде жазасын өтеу;

- "Степногорск қаласының білім бөлімі" ММ есеп айырысу үстелінің басшысы Т.Н.Кильдунова 7 жылға бас бостандығынан айыру, орташа қауіпсіз түзеу мекемелерінде жазасын өтеу.

Олар 13 млн теңгеден астам жалақыны негізсіз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

5. 26.02.2021 жылы Шемонаиха аудандық сотының үкімімен Шемонаиха полиция бөлімінің анықтаушысы Е.С.Жұмағазы жазасын орта қауіпсіз түзеу мекемесінде өтеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айырумен сотталды;

Ол қызметтік жағдайын пайдалану арқылы алаяқтық жолмен жымқыру және мүлкіне тыйым салмау бойынша шаралар қабылдамағаны үшін 300 мың теңге сомасында ақша қаражатын жымқыруда күдікке ілінді.

6. Ақтөбе қалалық №2 сотының 25.02.2021 жылғы үкімімен Ақтөбе қаласы ПБ жол-патрульдік полициясы батальоны саптық бөлінісі қызметінің инспекторы полиция лейтенанты Д.А.Аманжолов мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға сотталды.

Ол "Е" азаматынан ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін (көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) пара алды деген күдікке ілінді.

7. 03.03.2021 жылы Павлодар қалалық №2 сотының үкімімен "Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мемлекеттік техникалық инспекторы С.А.Салпыков ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ол "Г" азаматының ауыл шаруашылығы техникасын құқық белгілейтін құжаттарсыз заңсыз мемлекеттік тіркегені үшін 60 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Сотталған адамдар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды (үкім заңды күшіне енген жоқ).


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!