Қазақстанда әкелер күні аталып өтіліп жатыр
© Сурет: pixabay
Бүгін – Әкелер күні, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанда әкелер күні ресми түрде маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Бұл күн 2023 жылдан бастап "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңға енгізіліп, ресми мереке ретінде белгіленді.
Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.
"Әке – отбасының арқа сүйер тірегі, бала үшін өмірлік бағыт беретін тұлға. Осы ерекше күні барша әкелерімізге қамқорлығы мен қолдауы, махаббаты мен мейірімі үшін шын жүректен алғыс айтқымыз келеді. Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат тілейміз. Еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, қуаныш әкелсін. Жанұяларыңызда шаттық пен махаббат, береке мен бірлік орнасын! Баларыңыздың қызық-қуанышына кенеліп, мерейлеріңіз арта берсін. Мерекелеріңіз құтты болсын!", - делінген құттықтауда.
2023 жылғы маусым айында Қазақстандағы мерекелік күндер тізімі жаңа мерекелермен толықты – Аналар күні мамыр айының екінші жексенбісінде аталып өтеді. Әкелер күні – маусым айының үшінші жексенбісінде тойланады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:36, 18 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті
-
12:35, 18 желтоқсан 2025
Атом энергиясы агенттігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже бекітілді
-
12:24, 18 желтоқсан 2025
Жаңа жылдық құттықтау файлдары: ІІМ қазақстандықтарды сақ болуға шақырды
-
12:12, 18 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің концерті қазақстандық телеарнадан көрсетілді
-
12:08, 18 желтоқсан 2025
Үндістанда бұралқы иттер көшеде қалған тастанды сәбиді талап өлтірген





