Ақтөбеде полицейлер дропперді ұстап, қомақты қаражаттың шетелге шығарылуына жол бермеді
© Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде киберполицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шекарада интернет-алаяқтарға жәрдемдесті деген күдікпен Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала тергеу барысында күдіктінің Ақтөбе аумағында дропперлерді басқарғаны, сондай-ақ жәбірленушілерден алдану жолымен алынған ақша қаражатын көршілес мемлекетке тасымалдап, кураторларына тапсырумен айналысқаны анықталды.
Үш жәбірленуші Instagram әлеуметтік желісіндегі жарнамаға сеніп, онда алаяқтар еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірінің атауын пайдаланып, биржада акцияларды сату арқылы табыс табуды ұсынған. Нәтижесінде олар ақша қаражатын дропперлердің есепшоттарына аударған. Кейін күдікті бұл қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, шетелге алып шығуды жоспарлаған.
Үш жәбірленушіге келтірілген шығын 20 млн теңгені құрады. Аталған қаражат күдіктіден тәркіленіп, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктінің автокөлігі коммуналдық айып тұрағына қойылды.
Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға, әлеуметтік желілердегі күмәнді жарнамаларға сенбеуге және белгісіз тұлғаларға ақша аудармауға үндеді. Күдік тудыратын ұсыныстар болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:25, 5 ақпан 2026
«Астана – Павлодар» автожолында жылдамдық режимі уақытша төмендетіледі
-
20:50, 5 ақпан 2026
Қазақстанда кейінгі 10 жылда балалар саны 1,5 млн-ға артқан
-
20:40, 5 ақпан 2026
Петропавлда полицейлер әлеуметтік желідегі таралған хабарламаны тексерді
-
20:13, 5 ақпан 2026
Александр Бублик Астанада бір жасқа толған баланың тұсауын кесті
-
19:50, 5 ақпан 2026
Семей тұрғыны танысының телефонын уақытша алып, несие рәсімдеген





