Қазақстанда бес ЖЭО әлі «қызыл аймақта» – оларды бір жылдан кейін «сары аймаққа» көшіру жоспарланып отыр
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, Қазақстанда бес жылу электр орталығы (ЖЭО) әлі де "қызыл аймақта", деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министр оларды бір жылдан кейін "сары аймаққа" көшіру жоспарланып отырғанын 2026 жылғы 10 қарашада Үкіметте өткен брифингте айтты.
"Бір жылдан кейін оларды „сары аймаққа" көшіруді жоспарлап отырмыз. Бұл рейтингті 2023 жылдан бері қолданып келеміз. Бүгінде 19 ЖЭО-ның бесеуі ғана „қызыл аймақта" қалды", – деді Ерлан Ақкенженов.
Министрдің мәліметінше, 2023 жылдан бері "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы аясында 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінген.
"Бұл қаражаттың барлығы электр энергиясын өндіретін және жеткізетін нысандардың, сондай-ақ жылу желілерінің жағдайын жақсартуға жұмсалды. Аталған нысандарды бір жылдан кейін „сары аймаққа" көшіруді жоспарлап отырмыз", – деді Ерлан Ақкенженов.
Бұған дейін Қазақстанның үш өңірінде тұрғындар үйлеріне берілетін жылудың сапасына шағымданғанын хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 10 қараша 2026
Доллар бағамы кезекті өсімнен кейін 10 қарашадағы саудада 447,52 теңгеге дейін төмендеді
-
15:43, 10 қараша 2026
Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін
-
15:37, 10 қараша 2026
Әлем хаосқа ұшырап, банк шоттары бос қалады: 17 қарашаға қатысты үрейлі болжамдар жоққа шығарылды
-
15:30, 10 қараша 2026
Қазақстандағы жеке үйлерде өрттің неден шығатыны айтылды
-
15:25, 10 қараша 2026
ЕАЭО-ның кедендік шекарасында қолма-қол ақшаны ұстап қалу тәртібі нақтыланды





