Қазақстанда алғаш рет Алматы онкологиялық орталығында жаңа буынның позициялау жүйесі енгізілді
© Фото: zakon.kz
Алматы онкологиялық орталығында Қазақстанда алғаш рет ExacTrac Dynamic Brainlab жаңа буынның позициялау жүйесі енгізілді. Бұл жүйе сәулелік терапияның дәлдігін арттырып, онкологиямен ауыратын пациенттерді емдеу мүмкіндіктерін кеңейтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа жүйе әртүрлі орналасқан ісіктерді, соның ішінде бас миындағы ісіктер мен көптеген метастаздарды емдеуде қолданылады. Емдеу сеансы барысында ол пациенттің дене қалпын, тіпті тыныс алуға байланысты кішігірім қозғалысты да үздіксіз бақылап отырады. Қарапайым тыныс алу кезінде пациенттің қалпы өзгерсе, жүйе сәулелендіруді автоматты түрде тоқтатады. Бұл жоғары сәуле дозасын ісікке барынша дәл бағыттауға, ал айналасындағы сау ағзалар мен тіндерді қорғауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде емнің тиімділігі артып, пациенттердің өмір сүру сапасын сақтауға ықпал етеді.
Алматы онкологиялық орталығында күн сайын шамамен 100 алматылық сәулелік терапия курсынан өтеді.
Алматы онкологиялық орталығының сәулелік терапия бөлімшесінің меңгерушісі Евгений Ишкининнің айтуынша, жаңа жүйені енгізу жоғары технологиялық онкологиялық көмекті дамытудағы маңызды қадам болды.
"Бұл жүйе рентгендік, оптикалық және термалды 3D-визуализацияны пайдалана отырып, пациенттің дене қалпын алты координат бойынша үздіксіз бақылайды. Тіпті, тыныс алуға байланысты аздаған қозғалыстың өзі емнің дәлдігіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан қандай да бір ауытқу анықталған жағдайда сәулелендіру автоматты түрде тоқтатылады. Бұл жоғары сәуле дозасын ісікке барынша дәл жеткізуге, сау тіндерге түсетін сәулелік жүктемені азайтуға және емнің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", – деді Евгений Ишкинин.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:58, 14 шілде 2026
Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады
-
09:47, 14 шілде 2026
Жыл басынан бері 8 мыңнан алматылыққа арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді
-
09:38, 14 шілде 2026
Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады
-
09:26, 14 шілде 2026
Аптап ыстықта ауа баптағышсыз пәтерді қалай салқындатуға болады: ДДСҰ кеңес берді
-
09:16, 14 шілде 2026
Елімізде қанша нәзік жанды Қазақстан армиясында қызмет етеді





