Қазақстан 2026 жылы 190 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отыр

14:04, 21 шілде 2026
MKZ: 1557223

© Фото: pexels

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы 21 шілдеде өткен Үкімет отырысында еліміздегі автокөлік өндірісін дамыту жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның мәліметінше, соңғы бес жылда автомобиль өнеркәсібіне шамамен 457 млрд теңге инвестиция тартылған.

"Өткен жылы 171 мыңнан астам автокөлік шығарылып, өндіріс көлемі 18%-ға артты. Бұл оң динамика биыл да сақталып отыр", – деді Ерсайын Нағаспаев.

Министр биылғы алты айда 94 400 автокөлік өндірілгенін айтты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35%-ға жоғары.


"Биылғы жоспар – өндіріс көлемін 11%-ға арттырып, 190 мың автокөлік шығару. Жалпы, биыл автокөлік өндірісі 131,1%-ға өсті", – деп толықтырды министр.

Бұған дейін Қазақстанда отандық автобустар шығарыла бастайтыны хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!