Қазақстан үстел теннисінен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль еншіледі
© Сурет: ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжіғұлов командалық сайыста жеңіске жетті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Финалда отандастарымыз Иран құрамасын 8:1 есебімен тізе бүктірді.
- Алан Құрманғалиев/Айдос Кенжіғұлов – Беньямин Фараджи/Сейедмохаммад Мусавитахер 2:1.
- Кирилл Герасименко – Сейедамирхоссейн Ходаи 3:0.
- Алан Құрманғалиев – Беньямин Фараджи 3:0.
Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев енді жекелей және жұптық сайыста сынға түседі.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ислам ойындарының финалына шыққаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:05, 14 наурыз 2026
Алматыда үш күн ішінде полицейлер көшеде жүрген 250-ден астам жасөспірімді анықтады
-
14:31, 14 наурыз 2026
Қазақстан триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды
-
14:02, 14 наурыз 2026
Алматыда 25 шетел азаматы заңсыз еңбек еткен
-
13:36, 14 наурыз 2026
Қазақстандық альпинистер Альпідегі Эйгер тауындағы «Өлім қабырғасын» бағындырды
-
13:00, 14 наурыз 2026
Атырау облысында 12 мың орындық стадионның құрылысы басталды





