Қазақстан теннистен алғаш рет Virtus әлем чемпионатын өткізеді

19:33, 17 сәуір 2025

© Сурет: ktf.kz

Қазақстан теннистен алғаш рет Virtus әлем чемпионатын өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылы 3-11 мамыр аралығында Астанадағы "Дәулет" теннис орталығында "Интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы" РҚБ-ның (ЛИН спорт федерациясы) қолдауымен интеллектуалдық бұзушылығы бар спортшыларға арналған ірі халықаралық жарыс - теннистен Virtus әлем чемпионаты өтеді.

Тарихта алғаш рет аталмыш әлем біріншілігі Орталық Азияда өткелі тұр. Virtus додасына 8 ел: Қазақстан, Ұлыбритания, Бельгия, Аустралия, Польша, Италия, Үндістан, Франциядан мықты спортшылар қатысады деп жоспарланған. Жарыс II1, II2 және II3 санаты бойынша жекелей, жұптық және командалық сында өтеді.

 

"Бұл – инклюзивті спортты дамытудағы маңызды қадам. Қазақстан Virtus әлемдік қауымдастығын лайықты қарсы алады", деді Virtus президенті Марк Труффо.

Virtus — интеллектуалдық бұзушылығы бар адамдарды дамытуға арналған жетекші халықаралық ұйым. Оған дүние жүзі бойынша 100-ден астам елден 7 мыңнан астам спортшы кіреді. Virtus аясында Паралимпиада ойындарын қосқанда, жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, велоспорт, баскетбол және басқа спорт түрлерінен жарыстар өтеді.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!