Қазақстан ШЫҰ жұмысына белсене атсалысады – Тоқаев
© Сурет: akorda.kz
Президент VIIІ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі аясында көтерілген "Бейбітшілік қозғалысы" бастамасының маңызына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы бұл туралы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумда айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, еліміз дінаралық, этносаралық және және мәдениетаралық диалогты нығайтуға айрықша назар аударады.
Бұл орайда Президент Қазақстанда 20 жылдан астам уақыттан бері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі ұйымдастырылып келе жатқанын еске салды.
"Таяуда Астанада өткен VIIІ Съезде Қазақстан "Бейбітшілік қозғалысы" деп аталатын бастама көтерді. Бұл шын мәнінде қантөгісті тоқтатуға, келешек ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілікті сезіне отырып, бітімге келу жолын іздеуге үндеу еді. Қазақстан ШЫҰ жұмысына белсене атсалысады. Бұл – Еуразиядағы қауіпсіздік пен сенім шараларын қамтитын, көпжоспарлы әрі конструктивті күн тәртібі бар беделді және табысты ұйым. Жаһандағы прогресс пен тұрақтылықтың негізгі кепілі – орнықты әлеуметтік-экономикалық даму. Геосаяси шиеленістің өршуі, халықаралық санкциялардың көбеюі, сауда тізбегінің бұзылуы, технологиялық бәсеке секілді көптеген фактордың салдарынан әлем экономикасы күрделі сын-қатерлерге тап болды. Жаһандық экономиканың қарқыны бәсеңдеді. Қуанышымызға орай, мұның әсері Орталық Азияға тие қойған жоқ. Барлық елде айтарлықтай өсім байқалады. Мысалы, Қазақстанның экономикалық өсімі биыл 6 пайыздан асты. Ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард доллар межесін еңсереді. Бұл жан басына шаққанда 15 мың доллардан артық", - деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері көлік-транзит әлеуетін күшейтіп жатқанына тоқталды. Ең алдымен, Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы байланысты нығайтуға баса мән беріледі.
Президент Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағдарының мүмкіндіктерін дәйекті түрде кеңейтіп, теміржол, порт, автожол инфрақұрылымын жаңғыртып жатқанын, осылайша біртұтас транспорт жүйесін қалыптастыруға кіріскенін жеткізді.
Мемлекет басшысы еліміз Орталық Азияның көлік жүйесін дамытудың кешенді стратегиясын әзірлеуге белсенді атсалысып жатқанына назар аударды. Мақсат – орнықты логистика бағыттарын толық іске қосу.
Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысқанын хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:10, 12 желтоқсан 2025
Қызылорда облысында өзгеден 10 мың АҚШ долларын бопсалаған екі тұрғын ұсталды
-
19:50, 12 желтоқсан 2025
Қарағандылық кәсіпкер тұрғындардан 786 млн теңгеден астам қаржыны алдап алған
-
19:38, 12 желтоқсан 2025
Алматыда ер адам тамақтану орнынан касса жәшігін ұрлап кеткен
-
19:23, 12 желтоқсан 2025
Қостанай облысында балықшы мұз құрсауында 7 сағат қалып қойды
-
19:10, 12 желтоқсан 2025
Астанада мемлекеттік тапсырыс тетігі бойынша жаңа студенттік жатақхана ашу жоспарланып отыр





