Қазақстан шекарасында 13 мыңнан астам көлік тексерілді

14:22, 4 тамыз 2026
MKZ: 1559592

© Фото: gov.kg

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2026 жылғы 4 тамызда өткен Үкімет отырысында техникалық реттеу жүйесін жетілдіру шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, бұл бағыт отандық өндірісті қолдауда маңызды рөл атқарады.

"Ахуалдық штабтың жұмысы күшейтіліп, барлық бақылаушы органның іс-қимылы біріктірілді. Мемлекеттік бақылау шаралары күшейтілетін 11 басым тауар тобы айқындалды", – деді Арман Шаққалиев.

Оның мәліметінше, жыл басынан бері шекарада 13 мыңға жуық автокөлік тексерілген.

"Өнімдердің 13 мыңға жуық үлгісі бақылау мақсатында сатып алынды. Оның 1,8 мыңға жуығы белгіленген талаптарға сәйкес келмеді. 1,1 мыңнан астам сәйкестік сертификатының күші жойылды", – деп толықтырды министр.

Бұған дейін Қазақстанда отандық ірімшікті кеңінен насихаттау қолға алынғаны хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!