Қазақстан сапалы білімге, дарынды балаларды жан-жақты қолдауға баса назар аударады - Президент
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты. Онда президент еліміз сапалы білімге, дарынды балаларды жан-жақты қолдауға баса назар аударатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол 2025 жылы Бейжіңде өткен Жасанды интеллект бойынша олимпиададан Қазақстан оқушылары үш алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алғанын еске алды.
"Ел мерейін асыратын бұл жетістік жастарымыздың зияткерлік және шығармашылық әлеуетінің зор екенін көрсетеді. Орайлы сәтті пайдалана отырып, талантты өрендерімізге бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздар мен тәлімгерлерге алғыс айтамын", – деді мемлекет басшысы.
Президент бұл олимпиада жасанды интеллектіні зерттеуші жастардың халықаралық қауымдастығының дамуына үлкен серпін беретініне сенім білдірді.
"Білім қай заманда да халықты біріктіріп, адамзатты өркениеттің шыңына жетеледі. Сіздердің қарым-қабілеттеріңіз медицина, білім, экология және басқа да өте маңызды салалардағы тың шешімдерге негіз бола алады. Дәл осы олимпиадада әлемді өзгертетін жаңа идеялар мен жобалар дүниеге келуі мүмкін", – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев олимпиада қатысушыларына сәттілік тілеп, осы маңызды шараны ұйымдастыруға үлес қосқан барша азаматқа шынайы ризашылығын білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:32, 3 тамыз 2026
3 тамыздағы сауда-саттықта доллар бағамы өсті
-
16:21, 3 тамыз 2026
Аюлар бассейнге шомылып, шимпанзелер балмұздақпен салқындауда: Алматы зообағы аптап ыстықты қалай өткеруде
-
16:15, 3 тамыз 2026
Иммигранттар қазақ тілін білу деңгейі бойынша тест тапсырады: құны мен талаптары белгілі болды
-
16:01, 3 тамыз 2026
ҰҚК Астана полициясының жоғары лауазымды қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатқанын растады
-
15:54, 3 тамыз 2026
«Затыңыз дайын тұр, төлем жасаңыз»: қазақстандықтарға жаңа алаяқтық схема туралы ескертілді





